ДИКТОР: Көкшетауда Қылшақты өзенінің бетіндегі жұқа мұз үстінде ойнаған үш бала суға құлап кетті. Абырой болғанда, куәгерлердің жылдам әрекетінің арқасында балалар құтқарылып, жедел жәрдем көлігімен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
РКС: Дәрігерлер 7,8 және 9 жастағы балалардың бойынан орта дәрежедегі тоңу белгілерін анықтап, қажетті медициналық көмек көрсетті. Қазір балақайлар амбулаторлық емделуге үйлеріне жіберілді. Төтенше жағдайлар департаменті балаларды құтқарған адамды мемлекеттік наградаға ұсынбақ.
СНХ: МИХАИЛ АНИКИН, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ДӘРІГЕРІ: Кез келген адамның, мейлі ересек, мейлі ол бала – суық күндері суда ұзақ уақыт болса асқынуларға әкелуі мүмкін. Яғни жүректің тоқтап қалуы, қан тамырларының асқынуы, аяқ-қолдары жұмыс істемей қалуы әбден ықтимал. Сондай-ақ инсультке, мидағы қан айналымының бұзылуына дейін апаруы мүмкін. Сонымен қатар тыныс алу жүйесі де асықынып кетуі ықтимал.
РКС: Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары облыс тұрғындарын су айдындарында қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақыруда.
СНХ: ЕРСАЙЫН ҚОЙШЫБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Қазір облыстағы көлдеріндегі мұздың қалыңдығы небәрі 5–7 см, ал өзендерде мұз әлі қатпаған. Жалғыз адамның өзен-көлдердің үстімен қауіпсіз жүруі үшін мұздың қалыңдығы кемінде 10 см, ал бірнеше адам үшін – 20 см болуы қажет. Соңғы 4 күнде су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін 35 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ