ДИКТОР: Ақкөл ауданында төрт түлік малға арналған жемазық протеинін өтдіретін зауыт жұмыс істеп тұр. Кәсіпорын айына 150 тоннадан астам шикізатты өңдеп шығарады. Алдағы уақытта қуаттылығын бұдан да арттырмақ. Жаңа зауыт жаңа жұмыс орындарынан бөлек, мал шаруашылығын дамытуды да көздеп отыр.

РКС: Өндіріс процесі ірі қара малдың, жылқының және өзге де жануарлардың терісін өңдеуге негізделген. Өндірілген протеин құс, балық, жылқы, қой және ірі қара мал өсіруде таптырмас жем қоспасы. Мамандар рационға ақуыз қосу стандартты жемазықтың тиімділігін 40 процентке дейін арттырады деп отыр. Бұл дегеніміз шаруашылық бұрынғы шығындарды сақтай отырып, мейлінше мол өнім ала алатынын білдіреді.

СНХ: АСХАТ МӘДИЕВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ: Біз жемдеу алаңдарына арналған қоспалар өндіреміз. Яғни, 10-нан бір бөлігіне біздің қоспа қосылады. Протеин тек ірі қара мал мен жылқы терісінен жасалады. Бұл идеяны Петропавлдан келген ғалым ойлап тапқан. Сол кісі мен осы бизнеске бағыттады.

РКС: Бұл Қазақстан бойынша қолға алынып отырған екінші жоба. Алғашқысы Солтүстік Қазақстан облысында іске қосылған. Мұндай кәсіпорындар желісін ұлғайту қайта өңдеу өнеркәсібінің дамуына және ауыл шаруашылығы секторының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

СНХ: САЯТ АХМЕТЖАНОВ, АҚКӨЛ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Мемлекет тарапынан орасан зор қолдау болды. Қаражаттың 30 процентін үкімет, қалған 70-ін ауыл шаруашылығы несие корпорациясы бөлді. Сондай-ақ, инженерлік коммуникацияға байланысты жәрдем етілді. Осы жобаға жер телімі мен ғимарат іздестіруде де көмек болды. Жалпы алғанда жоба өте маңызды. Ең алдымен өндіріс, сійкесінше жаңа жұмыс орындары да ашылды.

РКС: Зауыттың жұмыс істеп тұрғанына 1 айдан асты. Болашақта кәсіпорын қуаттылығын ұлғайтуды жоспарлап отыр. Қайта өңдеу өнеркәсібін дамытып, қолжетімді жемазық қоспалары арқылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге көмектеседі және жаңа жұмыс орындарын ашпақ.

ЛАУРА ДӘУЛЕТБЕК, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ