ДИКТОР: Аймақта ауа райы күрт суытып, өзен-көлдердің бетін мұз жапты. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметінің мамандары мен полиция тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шараларын күшейтті. Негізгі мақсат – мұз үстінде болуы мүмкін оқыс оқиғалардың алдын алып, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру.

 РКС: Аңшылық және балық аулау маусымы басталғалы бері облыс аумағында 1,5 мыңнан астам рейд пен патрульдік іс-шара жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХ: БАҚЫТ АБЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Адамдардың су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтау мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта 350 радиода сөз сөйлеу ұйымдастырылып, брифингтер өткізілді.Сонымен қатар, әлеуметтік желілерге арналған бейнероликтер әзірледік. Алайда, атқарылған кешенді алдын алу шараларына қарамастан, биыл Шортанды ауданында оқыс оқиға тіркелді.

РКС: Департамент деректері бойынша, соңғы 3 жылда күз-қыс мезгілдерінде жазатайым 4 оқиға тіркелген. Оның алдын алу үшін, қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескертулерді қамтитын SMS-хабарламалар жіберілуде.

СНХ: БАҚЫТ АБЛАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Қазір су бетінде жұқа мұз жатыр, ол өте қауіпті. Сол себепті ата-аналарға балаларымен күнделікті әңгімелер жүргізіп, қайғылы жағдайлардың алдын алу қажеттігін ұсынамыз. Балықшыларға айтарым: көлге барған кезде жұқа, қатпаған мұз бетіне шықпау керек, топ болып жеке аймақтарға жиналмау, мұздағы жарықтар мен ойықтарға жақындамай, көлік құралдарын рұқсат етілмеген жерлерге шығару қатал тыйым салынған.

РКС: Қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Төтенше Жағдай департаментінің мамандары тұрғындарды қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады .

ТОМИРИС ИДРИСОВА, ЖАНДОС САЙЛАУ, ТЕМІРЛАН САБИТОВ, КӨКШЕ АППАРАТ