ДИКТОР: Облыстық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп түнгі рейд ұйымдастырды. Шараға 200-ге жуық тәртіп сақшысы қатысты. Рейд барысында алкоголь өнімдерін заңсыз сату, фактілерін анықтау, қоғамдық орындарда бұзақылық әрекеттердің жолын кесу және көлік жүргізушілеріне профилактикалық бақылау жүргізілді. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.

РКС: «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында облыстық прокуратура «Бұзушылықтарға жол жоқ, бәрі тек заң тәртібімен» акциясын ұйымдастырды. Басты назар - қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу. Шара Абылай хан алаңында ұйымдастырылған сап түзеуден басталды.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: МАҚСАТ СҰРАҒАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ: Облыстық прокуратураның бастамасымен полиция департаментімен бірлесіп шамамен 200 тәртіп сақшысы мен прокуратура қызметкері жұмылдырылды. Сондай-ақ 20-ға жуық арнайы автокөлік тартылды. Шараның мақсаты – өңірдегі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету. Акция облыстың барлық аумағында өтуде.

РКС: Түнгі рейд барысында есепте тұрған 47 азамат тексерілді. Сонымен қатар алкогольге әуестігі бар 39 тұлға мен шаһардағы бірнеше түнгі көңіл көтеру орындары мен дәмханалардың жұмысына бақылау жүргізілді. Тексеру нәтижесінде екі мекемеде кальян қоспасын қолдану фактілері анықталып, Қылмыстық Кодекстің 441-ші бабы бойынша 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек, рейд кезінде 63 түрлі әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді.

СНХ: АЙЫМ АЛТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Бүгін мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Ақмола облысының прокуратурасы полиция қызметкерлерімен бірлесіп «Бұзушылықтарға – жоқ, Заңға - иә» атты акцияны бастады. Акцияның басты міндеті – азаматтардың құқықтарын қорғау және қоғамдық тәртіпті нығайту.

РКС: Сондай-ақ рейд кезінде мас күйінде көлік басқарудың 2 дерегі анықталды. Ересектердің қарауынсыз жүрген 5 жасөспірім тиісті органдарға жеткізілді. Ақмола облысының аумағында еш жерде тіркеуде жоқ 25 азаматтың жеке басы да анықталды. Түнгі рейд барысында 29 адам ішкі істер бөліміне жеткізілді, 17 азаматқа дактилоскопиялық тексеру жүргізіліп, арнайы мәліметтер базасына тіркелді.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ