ДИКТОР: Целиноград аудана қарасты Родина ауылында заманауи өрт сөндіру пункті ашылды. Төтенше жағдайлар Министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа ерікті өрт құрамасы жасақталды. Сегіз құтқарушы мен заманауи техника 4 елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бөлімшенің салтанатты ашылуына Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты.
РКС: Ведомство бастығы «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы мемлекет, жергілікті билік және бизнес арасындағы өзара ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асырылып отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін арттыруға қосқан үлесі үшін «Агрофирма Родина» серіктестігінің басшылығына алғыс білдірді.
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Бұл оқиға біз үшін өте маңызды. Өзіңіз білесіздер, Родина ауылы бүкіл елімізде және Қазақстан сыртына да танымал, әйгілі, өзіннің деңгейі өте жоғары. Бірақ бүгінгі күнге дейін өрт сөндіру, құтқару жағынан жағдайлар мәз болған жоқ. Енді иван Адамұлы біздің үндемізді естіп, бізді қолдап, осындай әдемі ғимарат салып берді.
РКС: Өрт сөндіру пункті тек Родина ауылына ғана емес, сонымен қатар көршілес Ақмешіт, Зеленый Гай және Садовое елді мекендеріне де қызмет көрсетеді. Төтенше жағдайлар министрлігі мен жергілікті билік ауылды жерлерде өрт сөндіру бекеттері желісін дамытуға ерекше басымдық беріп отыр.
СНХ: ДАРЫН САБЫРҒАЛИ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Расында, Иван Адамұлы, сізге көп рахмет. Осындай біздің ауданымыздың өрт сөндіру жағдайын брәін дұрыстап, қалпына келтіріп келгендей. Осымен тоқталмай, әрі қарай жұмысты жалғастыра береміз. Сондықтан әрқашан да аспанымыз ашық болсын, барлыққа жақсы болсын.
РКС: Өрт сөндіру бөлімі автоцистернамен, заманауи жабдықпен және байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Тәулік бойы кезекшілік атқаруға дайын, оқытудан өткен ерікті өрт сөндірушілер құрамы толық жасақталған.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ