ДИКТОР: Көкшетауда алғаш рет музыкалық колледждер орындаушыларының республикалық байқауы ұйымдастырылып отыр. Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде бүгін салтанатты түрде байқаудың шымылдығы ашылды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 200-ге жуық студент өнер додасында бақ сынамақ. Өнерпаздар 7 номинация бойынша өнер көрсетеді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
ИНТЕРШУМ: РКС: Елігім Жалғас Көкшетауда өтетін байқауға Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің намысын қорғау үшін келіпті. Ол қазақ халық аспаптары номинациясында өнер көрсетеді. 4 жасынан киелі домбыраны жанына серік етіп, бала кездегі арманын орындау үшін музыкалық колледжге оқуға түскен. Бүгінде көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды да еншілеп үлгерген.
СНХ: ЕЛІГІМ ЖАЛҒАС, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (АҚТӨБЕ Қ.): Домбыраға деген қызығушылығым отбасымнан басталды. Өйткені, отбасымда әжем осы мамандықта оқығаннан кейін мен де қызығып осы мамандықты жалғастырамын деп шештім. Төменгі орын немесе мүлдем алмай қалған жағдайда ешқашан мойымау. Өйткені, бұл соңғы жарыс емес. Алда әлі де талай биік асулар бар.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ал, жезқазғандық Нұрасыл Алтынхан 12 жасынан бастап дәстүрлі әнге жаны құмар. Ол халық әндерін ерекше әрі өзіндік мәнерімен шебер орындайды. Мұндай байқаулардың арқасында жастардың дәстүрлі әнге деген қызығушылығы артып, орындаушылардың қатары көбейеді, - дейді жас өнерпаз. Бүгінгі жарысқа сақадай сай.
СНХ: НҰРАСЫЛ АЛТЫНХАН, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ (ЖЕЗҚАЗҒАН Қ.): Конкурсқа 1 жылдан артық дайындалдым. Байқау барысында мен халық әні "Аққурай", Біржан Салдың әні "Жонып алды" және де Тұрсынғазы Рахимовтың " Қазағым-ай" әндерін орындаймын.
РКС: Мұндай ауқымды байқалаулар жас өнерпаздардың кәсіби өсуіне серпін беріп, шығармашылық шеберлігін шыңдай түсері сөзсіз. Осы орайда, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжі бұл байқауды алдағы уақытта да ұйымдастыруды жоспарлап отыр.
СНХ: САЯН МҰХАМЕДИЯРОВ, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ МӘДЕНИЕТ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Дәстүрге айналдырып, дәстүрлі түрде өткізуге ниет білдіріп отырмыз. Одан кейін колледжіміздің қабырғасында сәуір айында республикалық эстрадалық әншілер мен эстрадалық аспапта орындаушылардың байқауы өтеді. Одан кейін, бізде тағы хореографиялық ұжымдардың республикалық байқауы тағы өтеді.
РКС: Байқау барысында колледж студенттері әр шығарманы терең сезіммен, техникалық шеберлікпен жеткізе білді. Қазылар алқасы жарысқа қатысушылардың жоғары көркемдік талғамын, сахнадағы өзін ұстау мәдениетін және кәсіби даярлығын ерекше атап өтуде. Бұл ауқымды шара наурыздың 13-іне дейін жалғасады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ