ДИКТОР: Көкшетауда қырғыз халқының ұлттық бас киімі – ақ қалпаққа арналған іс-шара өтті. Мерекелік жиын «Манас» этномәдени орталығының құрылғанына бес жыл толуына орай ұйымдастырылды. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қырғыз халқының мәдени бірегейлігін көрсету және түрлі этнос өкілі арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыру кеш барысында айқын көрініс тапты.
РКС: Кеш барысында ақ қалпақтың маңызы мен ерекшеліктері жайында ақпарат айтылды. Қонақтар этномәдени бірлестіктер өкілдері әзірлеген ән мен би қойылымдарын тамашалап, қырғыз мәдениетінің әсем дәстүрімен танысты. Сонымен қатар қазақ-қырғыз халықтары арасындағы достық пен мәдени байланыстардың тереңдігі кеңінен сөз болды.
СНХ: ЗАКИРДИН ЖОРОБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ «МАНАС» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қырғызстанда Президент тарапынан ресми түрде бекітілген үлкен мереке той болып саналады. Себебі, неге ақ қалпақ дегенде ол ақ қалпақ ата-бабамыздан қалған байырғы қырғыздың ұлт салты, бас киімді қырғыздарда ең үлкен кісілерден бастап кішкентай жігіттерден үлкен кісілерге дейін киеді. Бұл бас киім жай ғана ақ қалпақ бас киімі емес, бұның әрбір ойылған оймасы, шетінде, қырындағы нелерінің барлығы маңызды нәрсені, биік Алатаудың шоқысы дегенді білдіреді. Қазақтар мен қырғыздардың сабақтастығы біздің бас киімімізден ғана айырма болмаса, басқа ғибадатымыз, салтымыз, бүкіл істеп отқан істеріміз бәрі ұқсастығы 100 % деп санасақ болады. Салттарымыз бәрі сай келеді. Бекерден айтылмаған сөз болу керек. Қазақ қырғыз бір туған деген сияқты.
СНХ: САБЫРХАН КЕНЖЕБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біздің еліміздегі барлық мынау этносаяси және мемлекеттік мекемелерде барлығына атсалысып, бірлесіп, сол шараларға қатысуда. Негізінен бүгін қарап тұрсақ, жастарымыз да қалай дайындалған. Ішіндегі бишілер де бар, әншілер де бар, осы ақ қалпақ атты іс-шараға юарлығы атсалысып жатыр.
РКС: Осы бес жылдың ішінде «Манас» этномәдени орталығының мүшелері облыс аумағында ғана емес, республика көлемінде де түрлі мәдени іс-шараларға белсене қатысып келеді. Ұйым белсенділері айтулы датаға орай Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды.
СНХ: АЛИНА АМАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ «МАНАС» ЭТНОМӘДЕНИ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ХОРЕОГРАФЫ: Қазақстанда тұрып жатқаныма 20 жыл болды. Ұрпақтан, келе жатқан жастарымызды жақсы достыққа алып шығуға әрекет қылып жүрміз. Және бүгінгі марапаттау сыйлығында марапат алғаныма мақтанамын, үлкен рахмет. Қазақ, қырғыз елі бір туған дейді. Сол дәстүрді алып шығып жүрміз, сондай-ақ күйіміз да бір, биіміз де бір, жырымыз да бір, киіміміз де бір. Біз ондай бөлініп жарылмаймыз, және біздің достығымыз бұдан да артық нығая берсін. Қырғыз бен қазақ қобыз бен домбыра сияқты доспыз.
РКС: Бұл кеш ұлттық бас киімді дәріптеу ғана емес, бауырлас халықтардың достығын айшықтайтын тағылымды басқосу болды.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ