ДИКТОР: Оқушылар арасында ұшқыр ой мен татымды пікір, салмақты сөз бен дәйекті дәлел тоғысқан «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында қалалық пікір сайыс турнирі өтті. Оған Көкшетау мектептерінен 90-нан астам үздік оқушы қатысып, өз ойларын ортаға салды. Шараның басты мақсаты, шәкірттердің құқықтық сауаттылығын арттырып, заңды құрметтеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Интеллектуалды ойынға құрметті қонақ ретінде құқық қорғау органдарының өкілдері шақырылды.
РКС:Құқықтық мәдениет пен қоғамдық тәртіп құндылықтарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған игі шараның ерекшелігі дүниежүзілік мектеп оқушыларының арасында қолданылатын халықаралық форматқа сай өтті. Әр команда 3 спикерден құралған. Әр спикерге 8 минуттан уақыт беріледі. Ал, соңғы қорытынды сөзге 4 минут бөлінеді.
СНХ:МАНАРГҮЛ ТОХАН, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұл пікірталастың өзіндік ерекшелігі тек қана сөз жарысы емес, бұл белгілі тақырыптың аясында, өзіндік ережеге негізделген, белгілі бір дәйектерді келтіре отырып, шешендік сөйлеу, логикалық ойлау, қажетті материалды тиімді пайдалану негізделген әдемі сөз жарысының байқауы. Бұл жердегі ең негізгі мақсат төрешіге яғни үкімет пен оппозиция бөлімі әр қайсысы өз сөзін дәлелдей білу
РКС: Дебат қазақ және орыс тілдерінде өтті. 8 бен 11-ші сынып оқушыларынан 30 команда жасақталды. Турнир қатысушылары «Қылмыспен күресте жазаланудан гөрі, алдын алу», «Ауыр қылмыс жасаған жасөспірімдерді ересектермен бірдей жазаға тарту», «Мектептерде «Әлеуметтік несие жүйесін» енгізу» және «Кәмелеттік жасқа толмағандар жасаған кез-келген құқық бұзушылық үшін ата-аналарға айыппұл салуды міндеттеу» тақырыбында сөз сөйледі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ:ӘМИНА МҰРАТ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Тақырыптар өте қызық болды. Командаларда мықты. «Заң мен тәртіп» тақырыбы аясында бірнеше тақырыптар берілген. Өзіме ұнайтыны бұл профилактика. Яғни біз керісінше жазалаудың орнына, профилактика өткізсек деген.
РКС: Оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеті мен татымды пікірін 15-тен астам төреші бағалады. Облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаментінің аға прокуроры Ақерке Мұқанова арнайы шақырылды.
СНХ:АҚЕРКЕ МҰҚАНОВА, ТӨРЕШІ: Оқушылардың пікр сайысы өте керемет дәрежеде өтті. Балалар өздерінің дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Барлық айтылған пікірлер жүзеге асса, нұр үстіне нұр болады. Еліміздің заңы мен тәртібін сақтау әр азаматтың міндеті.
РКС: Турнир қорытындысы бойынша қазақ лигасының арасында Красный Ярдағы №3 көпсапалы мектеп гимназиясы, ал, орыс тілді лигасы командаларының ішінде «Әулет» мектептен тыс жұмыс орталығының шәкіртері бас жүлдеге ие болды. Сондай-ақ, Әмина Шаймұрат пен Сәбирабану Жұмабекова «Үздік спикер» атанды. Рассул Сабыржан мен Суфия Усманова «Әділ сөз шебері» номинациясымен марапатталды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ