ДИКТОР: Ақмола облысында ҚР Судьялар Одағы Көкшетаудың екі университетімен бірлесіп, Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Осы жолы жиында қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың сот реформалары туралы жазбалары жан-жақты талқыланды. Ғалым патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдың 60-жылдары Қазақстанға қатысты жасалған саяси-заңнамалық реформасына қарсы шыққандардың бірі. Себебі, сот реформасы халық мүддесіне қайшы келген. Сондықтан, комиссия мүшесі ретінде хат жазып, патша үкіметіне бұрынғы дала заңдарымен санасуды, негізгі бағыттарды сақтауды ұсынды. Бүгінде ғалымның бұл жазбаларын еліміздің ғалымдары тереңінен зерттеп жатыр.
СНХ: ДОСЖАН ӘМІР, ҚР СУДЬЯЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі күнде де біз айтып жатырмыз, билер институтынан қол үзбей, билер институтының бізге берері әлі де көп деп. Сол Шоқан бабамыз соны бір жарым ғасыр бұрын айтып кетті. Ондықтан судьялар одағы бүгінгі күні екі кгу университетпен біріге отырып, осы іс шараны өткізіп, осы еңбегін шоқан бабамызды тағы да зерделеп, осы еңбегінен алатын тұстарын тағы да бір таразыға салып көрейік, деп отырмыз.
СНХ: ҒАЛЫМТАЙ ТӨЛЕПБЕРГЕН, ТАРИХШЫ-ҒАЛЫМ: Ш.Уәлиханов жалғыз шығыстану, этнограф қана емес, сонымен қатар сол замандағы қазақтың өмір тіршілігіне күшті ықпал ететін заңдар жүйесінің қандай болу керектігі жөнінде өзінің құнды пікірлерін сол кездің өзінде сол кезде реформа жүргізіп жатқан Ресей империясының әкімшілігіне жазғаны. Ол сот рефомасы туралы жазбалары.
БИБІНҰР ӘМІРХАНҚЫЗЫ, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ