ДИКТОР: Көкшетауда мүгедектігі бар жандарға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық кеші өтті. Игі шара ерекше қажеттілігі бар азаматтарға жақсы көңіл-күй сыйлауға және бірнеше жыл бойы қамқорлық көрсеткен жандарға алғыс білдіру мақсатында ұйымдастырылды. Бұдан бөлек қайырымдылық акциясына волонтерлер мен демеушілер жиналды. Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, өнерпаздар өнерлерін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Біз біргеміз» қайырымдылық қоры бұл оң бастаманы 2013 жылдан бері өткізіп келеді. Осы уақыт аралығында талай жанның жаны аман қалды. Қала тұрғындары мен кәсіпкерлер тағдырдың сынына сағы сынбаған жандардың басын қосып, қолдау көрсетуден жалыққан емес.
СНХ:РАЙХАН СЕЙДАЛИНА, «СЕЙНУР» ФИРМАСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: 13 жыл біз біргеміз. Осы шараға келдік. Осындай балаларымыз аз болсын. Бәрі тәуір болсын. Аман-есен болсын. Әке-шешелері тек жақсылық көрсін балаларынан. Қазақ халқында тек қана жақсылық болсын.
РКС: Шараға 100-ден аса мүгедек жан қатысты. Әрқайсысының өмірі кез келген жанның жүрегіне жол табытыны сөзсіз. Осындай ерекшелігі бар жандарға тек қана кәсіпкерлер емес, студенттер мен оқушылар да барынша қолдау көрсетуде.
СНХ: ҚАЛЫМТАЙ ШЕРИЯЗДАНОВ, «БІЗ БІРГЕМІЗ» ОБЛЫСТЫҚ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Көпшіліктің арқасында жастарды шақырамыз. 6 колледжден келеді бізге. Коледждерде волонтер группалары бар. Солармен жұмыс жасаймыз. Тәрбиелік мағынасы бар форум бұл. Осындай адамдар бар екенін жастар көріп біліп жүрсін. Осындай үлкен адамдар бар екен қамқоршы болып жүрген ол адамдарды көрсетеміз. Соларды марапаттаймыз.
РКС: Сан қилы тағдырдың қиылысқан ортасында ерекше жандардың орны әлбетте ерек. Өйткені олардың тұла бойына сіңіп кеткен қайсарлық, сабырлық пен өмірге деген құлшыныс үлкен құрметке лайық. Шараға жас пен аға буын өкілдері тең жиналды. Арасында жасы 95-ке келген аруана ақ батасын берді.
СНХ:ШОЛПАН НҰҒЫМАНОВА, ҚАМҚОРЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУШЫ: Осы отырған жиналған барша қауымға, жас кәрі демей, кем балалардың бәрін басын қосып жатқандарыңызға рахмет. Барлық балалардың дендері сау болсын. Осы отарда жүрген барлық ұл-қыздарға үлкен рахмет. Мына Көкшетауымыз алға бассын. Балалар аяқтары жүріп, алға бассын.
РКС: Бұл қамқорлық акциясы жыл сайын өтеді. Және дәстүрге сай мейірімді әр жанға «Алтын жүрек» символы табысталып, арнайы дипломмен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ