ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатында тозығы жеткен 17 гидротехникалық нысан қайта жаңғыртылды. Бұл шамамен 100 млн текше метр еріген қар суын қауіпсіз өткізуге мүмкіндік бермек. Бүгінде Атбасар ауданындағы су тасу қаупі жоғары саналатын Жабай өзенін тереңдету жұмыстары қызу жүріп жатыр. Екі жылда өзеннің 7 шақырымы тазартылған. Қазір бөгет орнату жұмыстары қолға алынды. Сондай-ақ, биыл жыл сайын таситын Есіл, Қалқұтан, Нұра және Шағалалы өзендерінің 60 шақырымы тазартылып, 40 шақырымдық бөгет тұрғызылды. Одан қалды автомобиль жолдарын су басудан қорғау мақсатында 40 учаскеде жолдар биіктетіліп, 325 су өткізу құбыры орнатылды.
СНХ: ӘДИ ХАЛЕЛ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2026 жылы қыс мезгізілінде қар шығару жұмыстарына 4 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл өткен жылғыға қарағанда екі есе көп. Бұдан бөлек, өзен арналарындағы мұз жару жұмыстарына 103 млн.теңге қаражат бөлінді. Бұл сома да 1,7 есе көп. Қазіргі кезде облысымызда су тасқанына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.