ДИКТОР: «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Ақмола облысы бойынша филиалының оқытушылары Көкшетаудағы «Келешек мектептерінің» жас мұғалімдеріне тренингтер өткізді. Білім ошағындағы қызметін енді ғана бастаған жас мамандар педагогикалық шеберліктерін арттыру мәселелері бойынша кәсіби әдістемелік көмек алды.

РКС: Кездесу тренинг форматында ұйымдастырылып, уақытты тиімді пайдалануға және мұғалімдерді қызықтырған тақырыптарды барынша қамтыды. Заманауи сабақты жобалау, «Адал Азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын кіріктіру, «Жас көшбасшы» бағдарламасының негізгі ережелері, оқу үдерісінде жасанды интеллектті пайдалану мәселелері қарастырылды.

СНХ: ҚАРАГӨЗ МҰҚЫШЕВА, «ӨРЛЕУ» БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ ҰЛТТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – жас мамандарды командаға үйрету және түрлі командалық жұмыстағы әдіс-тәсілдермен үйрету. Жас мамандарының 1-ден 3 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Ол мұғалімдердің болашаққа деген көзқарастарын білу, сонымен қатар негізгі әдістемелік көмек көрсету.

РКС: Сонымен қатар жас мамандар «Педагогикалық идеялар панорамасы» бейнесабақтар байқауына қатысу талаптарына, «Ұстаз журналына» жарияланым жасау шарттарына ерекше қызығушылық танытты. Кездесу барысында заманауи мұғалім қандай болу керек екеніне аса мән берілді.

СНХ: АЙДАНА СИЛАМ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Менің ойымша жаңа буын мұғалімі, яғни білімді және цифрлық сауаттылығы мықты, қазіргі замандағы жаңа технологияларды жоғары деңгейде менгерген, оқушылармен біркелгі байланыс туғыза алатын мұғалім болу керек деп санаймын. Мүғалім оқушының шамшырағын жаға білетін ұстаз. Қазіргі ұстазға бес аспап, яғни жан-жақты болуы тиіс.

РКС: Мұндай тренингтерді өткізу «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты мен ұстаздар арасындағы байланысты нығайтып, жас мамандарға жүйелі әдістемелік қолдаудың өзектілігін айқындайды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ