ДИКТОР: Кәсіпкерлер кассалық аппараттарын 1 наурызға дейін жаңартуы қажет. Бұл ретте құрылғыларды толық ауыстырудың қажеті жоқ, тек қайта бағдарламалау жеткілікті. Ол үшін кәсіпкерлер техникалық қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады.
РКС: Өңір кәсіпкерлеріне бұл жаңашылдық туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады. Жылдың басынан Қазақстандағы тауар айналымына қатысушылардың барлығы Ұлттық тауарлар каталогын қолдануға міндетті. Онда әрбір өнім түріне бірыңғай анықтама бойынша сәйкестендіру коды беріледі. Мұндай таңбалаусыз сауда жасауға тыйым салынады.
СНХ: АҚМАРАЛ МЕЙІРМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Ақмола облысы Мемлекеттік кірістер департаменті Қаржы министрінің бұйрығына сәйкес, барлық бақылау-кассалық машиналарды пайдаланушылар 2.0.3 нұсқасындағы Хаттамаға көшуі қажет екенін хабарлайды. Аталған нұсқада бақылау-кассалық машиналарды Ұлттық тауарлар каталогына автоматты түрде қосу және геолокацияны анықтау қызметі қарастырылған. 2.0.3 нұсқасындағы Хаттамаға көшу мерзімі 1 наурызға дейін. Салық төлеушілерден белгіленген мерзімде барлық қажетті техникалық жұмыстарды уақытылы орындауды сұраймыз.
РКС: Мемлекеттік цифрлық базамен жұмыс істеу тауар айналымының толық ашықтығы мен қадағалануын қамтамасыз етеді. Ұлттық тауарлар каталогы сатушылар, импорттаушылар, көтерме сауда өкілдері мен өндірушілер туралы деректерді бір жүйеге тоғыстырады. Осылайша, өнімнің барлық кезеңін қамтитын тұтас тізбек қалыптасады. Өндірістен бастап, елге әкелу, сақтау, тасымалдау және түпкі тұтынушыға жеткізуге дейінгі бүкіл үдеріс бірізді бақыланады.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ