ДИКТОР: Облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменті Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде - мемлекеттік қызметкерлер қатарындағы тәртіпті нығайту және мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығын арттыру мәселелері талқыланды. Нәтижесінде бірқатар атқарушы шешімдер қабылданды.

РКС: Кеңес отырысында Бұланды және Ерейментау аудандары әкімдіктері жанындағы әдеп жөніндегі уәкілдерінің есептері тыңдалды. Мемлекеттік аппараттағы қызметтік тәртіпті нығайту және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жұмыс қорытындыларына баса назар аударылды. Мемлекеттік қызметкерлер арасында қызметтік әдеп нормаларын одан әрі сақтау жөнінде ұсыныс берілді.

СНХ: НҰРҚАТ БАТЫРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Әдеп жөніндегі кеңес туралы ереженің, жетінші тармағына бесінші тармақшасына сәйкес тиісті ұсынымдарды жолдауды ұсынамын. Қарсылык жоқ бірауыздан қабылданды.

РКС: Мамандар тұрғындарға қажетті анықтамалық ақпаратты алуға мүмкіндік беретін әкімдіктер мен ресми сайттарда QR-кодтарды енгізуге назар аударды. Сонымен қатар, Кеңес отырысында өткен жылдың 4 тоқсанындағы мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының жұмысы қорытындыланды. Осылайша, өткен жылдың соңғы үш айында облыстың 128 мемлекеттік қызметшісі теріс қылықтары үшін жазаға тартылды. 123 адам комиссия талқылауын күтпей-ақ өз кінәсін мойындады. Бес жағдайда сарапшылардың ресми араласуы қажет болды.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ