ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде «Әділетті Ата Заң – Қуатты мемлекет» тақырыбын қамтыған жиын өтті. Онда студенттерге жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері таныстырылып, оны әзірлеу барысында қоғамдық қатысудың ролі жан-жақты түсіндірілді.
РКС: Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев жастардың қоғамдық үдерістерге белсенді қатысуы маңызды екенін атап өткен еді. Осыған орай, студенттермен өткізілген кездесулер конституциялық реформаны түсіндіру жұмысының маңызды бөлігі екенін аңғарамыз. Әр студенттің жаңа Заң жобасын түсініп, оны саналы түрде қабылдауы - еліміздің демократиялық дамуына қосқан нақты үлесі деп білеміз,-дейді жастар.
СНХ: МЕЙРАМБЕК ОРАЗӘЛІ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Жалпы бүгін жаңа Конституция туралы біз көптеген өзгерістер және жобалар қандай өзгерістер болғанын естідік. Бұл жаңа Конституцияны мен толық қолдаймын. Әсіресе бір палаталы парламент жасау туралы шешім халық пен билік арасындағы байланысты нығайта түседі. Сондықтан да осы шешім елімізге оң әсерін тигізеді деп есептеймін.
СНХ: ДӘУЛЕТ КӘРІМ, А.МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Бұл жаңа Конституциядағы біздің Ата Заңымызға енгізілген жаңа қабылдауларға мен өз басым сенемін. Өткені 1995 жылы Ата Заңымыз қабылданған. Мен өз басым Ата Заңымыздағы ескірген нормаларды жаңартып, жаңа реформаларды енгізу бағытындағы өзгерістерді қолдаймын.
РКС: Жиында «Әділетті Қазақстан», «Заң және тәртіп» сынды ауқымды тақырыптар егжей-тегжейлі баяндалды. Қарапайым мысалдар арқылы түсіндіріліп, әрбір азаматқа заңды жеңіл түсініп, қабылдауына мүмкіндік берілді. Мұндай түсіндіру жұмыстары қоғамда заңға құрмет пен саналы азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ