ДИКТОР: Жаңа Конституцияның жобасы қазір Ақмола облысының аумағында да кеңінен талқыланып жатыр. Құжатта саяси жүйені жаңғырту, парламенттік реформаны күшейту және адам құқықтарын қорғау мәселесіне айрықша мән берілген. Өңірдегі кәсіпкер әйелдер де жаңа Ата заң жобасын толығымен қолдап отыр. Осы орайда, облыстық іскер әйелдер қауымдастығы дөңгелек үстел ұйымдастырып, жаңа Конституция жобасын талқылады.
РКС: Жиын барысында жаңа Конституция жобасындағы адам құқықтарын қорғау тетіктері мен заңның үстемдігін нығайту мәселелері кеңінен қозғалды. Әсіресе, отбасы институтын қорғау және отбасылық құндылықтарды бекітуге бағытталған өзгерістерге ерекше назар аударылды.
СНХ: ӘЛИЯ БЕКТАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ МҮШЕСІ: Алдағы уақытта бізді күтіп тұрған өзгерістерді түсіну үшін жиналып отырмыз. Наурыздың 15-і Қазақстан азаматтары референдумға қатысады. Іскер әйелдер күн сайын ерлермен иық тіресе жауапты шешімдер қабылдайды. Ана ретінде отбасының, балаларының болашағы үшін алаңдайды. Қоғамда болып жатқан өзгерістерге бей-жай қарап отыра алмаймыз. Сондықтан бүгін заң саласының кәсіби мамандарын тыңдау үшін жиналдық. Олар бізге Ата Заңның жобасын бизнес пен қарапайым тұрмыстық тілде түсіндіріп берді.
РКС: Коалиция мүшелері құрамына енген "Ақ жол" партиясы да түсіндіру жұмыстары азаматтарды референдум туралы ақпараттандыруға және ашық диалог қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Әр қазақстандықтың дауысы елдің болашақ Конституциясын қалыптастыруда шешуші роль атқарады.
СНХ: САЯТ СЫЗДЫҚОВ, "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫ АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі таңда елімізде ең маңызды сәт жүріп жатыр. Біз коалиция мүшесі ретінде бір талай жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ата заңға келетін болсақ, көп өзгерістерді енгізейін деп жатыр. Оның 84 пайызы, яғни 77 бап өзгереді.
РКС: Конституция - әр азаматтың құқығын қорайтын берік негіз. Сондай-ақ, ел тұрақтылығының кепілі. Осылай деген өңірлік іскер әйелдер қауымдастығы жаңа Ата заң жобасын құқықтық нақтылықты күшейтетін маңызды құжат деп бағалады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ