ДИКТОР: Қазір Көкшетауда барлық жас санаты арасында қазіргі бессайыстан Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты өтіп жатыр. Бұл дода Мысырдағы жарыстарға қатысуға іріктеу кезеңі, кейін спортшылар Әлем кубогында бақ сынауға жолдама алады. Тілшіміз Евгений Варанкин баяндайды.
РКС: Қазіргі бессайысқа спорттың 5 түрі кіреді. Семсерлесу, жүзу, Париж Олимпиадасынан кейін пайда болған "Obstical" кедергілер жолағы, сондай-ақ жеңіл атлетика. Ұйымдастырушылардың айтуынша, соңғы уақытта қазіргі бессайыс айтарлықтай өзгеріп, жақсы дамып келе жатыр.
СНХ: СЕРГЕЙ ПИХИДЬКО, БЕССАЙЫС БОЙЫНША ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ БАС ТӨРЕШІСІ: Ақмола облысындағы бұл спорт түрі 2017 жылдан бастап дамып келеді. Осы 7-8 жыл ішінде біздің ақмолалық спортшыларымыз жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Қазақстан құрамасына да енді. Қазіргі бессайыстан Жастар ойындарының, Қазақстан Республикасы Чемпионатының жүлдегерлері бар. Сондай-ақ, биыл спортшыларымыз Әлем кубогының кезеңдеріне, қазіргі бессайыстан Азия чемпионатына қатысуға дайындалуда.
РКС: Республикалық чемпионатқа елдің алты өңірінен 150 спортшы қатысып жатыр. Спортшылар Қызылорда, Атырау, Алматы, Астана қалаларынан, сондай-ақ Жамбыл және Ақмола облыстарынан келді. Қатысушылар қазіргі бессайыс жаттықтырушылары спорттың бұл түрін дамытуға бар күшін салатынын айтады.
СНХ: ДАНИЯЛ БЕКІМ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ): Мен қазіргі бессайыспен бес жыл айналысамын. Бүгінгі жарыс өте жақсы өтіп жатыр. Барлық спортсмендер жоғары деңгейде. Мен жастар ойындарында эстафетада жүлдегер атандым және Қазақстан чемпионатында эстафетадан екінші орын алдым.
СНХ: АЖАР БОЛАТ, ЧЕМПИОНАТҚА ҚАТЫСУШЫ (АЛМАТЫ): Қазақстан Республикасының чемпионаты ойдағыдай өтуде деп айтсам қателеспеймін. Барлығы әдемі өтуде. Барлық спортшылар өз деңгейін ойдағыдай көрсетеді деген ойдамын. Ұйымдастыру бойынша өте ұнайды өзіме. Қазақстан Республикасының бірқатар призерымын, чемпионымын. Әлем чемпионатының күміс және қола жүлдегерімін. Азия чемпионаттарында да болғанмын.
РКС: Ақпанның 22-сінде басталған республикалық чемпионат наурыздың үшіне дейін жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша үздік спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға іріктеледі. Сонымен қатар, жас спортшыларға тәжірибе жинақтап, шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берілуде.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ