ДИКТОР: Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр селосында ашылған «Қызылжар» денешынықтыру және сауықтыру кешенінен болашақ былғары қолғап шеберлері, еркін күрестің білектілері, шығыс өнерінің шымырлары өсіп шығатын күн де алыс емес. «АМАНАТ» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобаның қатарында осы спорт мектебі де бар. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ұйымдастырылған баспасөз туры кешеннің жұмысымен таныстыруды мақсат тұтты.
РКС: «Қызылжар» спорт кешенінде бокс пен еркін күрес, грек-рим күресі, джиу джитсу және ушу саньдамен шұғылдануға арналған екі зал жұмыс істеп тұр.Үш жүзге жуық балалар мен жасөспірімдер жаттығуларын жасап, денесін шынықтырып, болашаққа жоспарларын да құрып қойған. Жас шамасы әр түрлі балғындарды еркін күрестен спорт шебері Жасұлан Бексұлтанов баптап, жауапты жарыстарға дайындап жатыр.
СНХ: ЖАСҰЛАН БЕКСҰЛТАНОВ, ЕРКІН КҮРЕСТЕН БАПКЕР: Бізге еркін күреске 80 бала келеді. Групаларға бөліп тастағанбыз. Үш тренер болып жұмыс жасаймыз. Каждый день тренировка болады. бізде барлығы тегін. Ата аналар тек анықтама алып келеді.
СНХ: ЕРАСЫЛ ҚУАНДЫҚ, ЖАС СПОРТШЫ: Мен ағайыма үш жылдан астам келемін. Маған еркін күрес өте қатты ұнайды. Менің проход деген приемым бар, өте жақсы көретін. Күресте өзімнің дисциплинамды ұстаймын.
СНХ: ЖАНЕРКЕ СҰЛТАНБЕКОВА, ЖАС СПОРТШЫ: Бұл спортқа мені әкем әкелген. Осы спорт өте қатты ұнайды. Біз бір команда бір отбасы сияқты бір болып жүреміз.
РКС: Красный Яр селосы танымал мықты былғары қолғап шеберлерін тәрбиелеп шығарған елді мекен. Бокстан КСРО спорт шебері Мереке Жүсіпов, Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері Карина Ибрагимоваларды айтса да жеткілікті. Олардың қатарын жалғап келе жатқан бокстан спорт шеберлігіне кандидат Меруерт Берікова білектілер мен жүректілерді шыңдап жүр.
СНХ: МЕРУЕРТ БЕРІКОВА, БОКС БАПКЕРІ: Бізде үш группа 9 жастан 16 жасқа дейін. Біздің мақсатымыз балаларды спортқа баулу. Денсаулықтарын нығайту. Батылдыққа үйрету.
СНХ: ӘЛҒАФУР ҚУАНЫШ, ЖАС СПОРТШЫ: Мен осында көп затқа үйрендім. Басында сыйлықтар жасап қызықтырып, қазір ол кісілерге көп рахмет. Қазір енді соревнованиелерге барамын деп ойлаймын.
РКС: «АМАНАТ» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасына енгізілген жобасының сәтті жүзеге асқаны және халықтың игілігіне жұмыс істеп тұрғаны нәтижелі істің көрінісі.
СНХ АЛТЫН МҰСТАФИНА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Ақмола облыстық филиалының бағдарламасы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы бойынша 135 тармағы бар. Соның бүгінгі күні 120 тармағы орындалды. Ең басты мақсаты Ақмола облысы халқының жалақысын көбейту, өмірлік жағдайын жақсарту, әлеуметтік жағдайын жақсарту, осал топтарына пәтер әперу.
РКС: Спорт кешенінің бассейніне айына 1500 бала келеді. Әр жексенбі сайын жергілікті төтенше жағдай мекемесінің құқарушылары тұрмысы төмен және көпбалалы отбастарының балаларына арнап жүзуден сабақ жүргізеді. Кешен аумағында футбол, баскетбол және волейбол алаңдары жабдықталған. Жазғы демалыстарын балалар осында өткізетін болады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ