ДИКТОР: Былтыр Ақмола облысы бойынша 12,5 мыңнан астам тұрғын мемлекет кепілдік берген заң көмегімен қамтылды. Әділет департаментінің мамандары азаматтарға тұрғын үй даулары, әлеуметтік төлемдер, еңбек қатынастары және өзге де құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
РКС:Әділет департаменті халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Бүгінде жұмыс барысына цифрлық құралдарды енгізуге ерекше көңіл бөлінуде.
СНХ: ЕРКІН ҚАБЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Жуырда порталға (adilet.zan.kz) чат боты іске қосылды. Ол азаматтарға тегін заңгерлік кеңес беретін цифрлық көмекші. Оның басты мақсаты, халықтың құқықтық сауаттылықты арттыру және құқықтық ақпараттың баршаға қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Біз чат-ботты қолдануды үйретіп, көмекке жүгінген азаматтардың барлығына ол туралы ақпарат береміз. Бүгінде құқықтық сауаттылықты арттырудың жаңа форматтарын енгізуге ерекше назар аударылуда.
РКС: Өткен жылдың қыркүйегінде Шоқан Уәлиханов және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеттерінде заң клиникалары ашылды. Әділет департаменті, жоғары оқу орындары мен заң ұйымдары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Енді азаматтар тегін құқықтық кеңес, ал студенттер тәжірибеден өте алады.
СНХ: ЕРКІН ҚАБЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕТІНІҢ БАСШЫСЫ: Аталған жобаны жүзеге асыру халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және білікті заң көмегін қолжетімді етуге бағытталған. Жалпы, құқықтық мәдениет деңгейін көтеру, азамматтарды құқықтық оқыту мен тәрбиелеу мақсатында 2200-ден астам шара ұйымдастырылып, 138 мыңнан астам адам қамтылды.
РКС: Сонымен қатар, департамент нотариустардың қызметіне бақылау жүргізеді. Өткен жылы заң талаптарын бұзған 9 заңгерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі 214-бабының 8-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. 1 миллион 415 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ