ДИКТОР: Целиноград ауданында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық қызу. 27 ауыл су басу қаупі бар аймақта орналасқан. Табиғи апаттың алдын алу және еріген қар суларын кедергісіз өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар 10-ға жуық іс-шара ұйымдастырды.
РКС: Целиноград ауданына қарасты ауылдық округтерде тәулік бойы жұмыс істейтін 21 бекет іске қосылған. Жергілікті атқарушы органдар көшелерді қардан тазарту, жолдарға құм себу және инженерлік құрылыстарды нығайту жұмыстарын жүргізуде.
СНХ: АЙДОС ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Тасты ауылында екі де бір шақырым қорғаныс бөлшіктері қатайтылды. Оразақ ауылында жалбызындық 1900 метр қорғаныс бөлшіктері күшейтілді. Қоянды ауылында жол құрылсы жобасы шеңберінде 3068 метр лотоктар салынды, орнатылды. Шұбар ауылындағы жоғарыға шыбар су жинақтауышысы тетіктер дайындалып, Родина және Ақжар ауылдарында су өткізу құбырлары жаңғыртылып, баламалы инженерлік шешімдер қабылданды. Сонымен қатар 17 елдімекенде жалғыздық 27-7 шақырым болатын бұрыннан бар қорғаныс бөлшіктері жаңғыртылды. Жобалар аясында 4668 метр су өткізу құбырлары, 5360 метр арықтар және 2500 метрлік қабырлар орнатылды.
РКС: Ауданда Нұра және Есіл өзендерінде бұрғылап-жару жұмыстарын жүргізетін мердігер ұйым айқындалды. Ауыл маңында судың қауіпсіз өтуі мен су тасқынын азайту үшін алқаптарды сызу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
СНХ: АЙДОС ТӘҢІРБЕРГЕНОВ, ЦЕЛИНОГРАД АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 8 эвакуациялық қабылдау пункты және 11 малайлы орындар дайындалды. 5000 тонна жемшөп қор жасақталды. 117 қызметкерден тұратын 7 арнайы қызмет жасыалып, 87 техника бірлігі толық дайындықта тұр. Барлық техника 4 басым бағыт бойынша бөлінді. Тауылды бойынша жұмыстар ұйымдастырылып болды. Нұра және есіл өзендерінің су деңгейі тұрақты, мониторинг жүргізілуде. Жалпы алғанда аудан бойынша 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындап, жоспарланған сәйкес жұмыстар жүргізілді, және жағдай толық бақыланады.
РКС: Су тасқыны кезеңіне аудандық бюджеттен 32,5 миллион теңге бөлінді. Тағы 100 миллион теңге қосымша резерв ретінде қарастырылған.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ