ДИКТОР: Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева шаһардағы техникалық мектеп-лицейдің ұстаздарымен кездесті. Басқосуда депутат елде жүзеге асырылып жатқан реформаларға тоқталып, жаңа Ата Заңның негізгі нормаларын түсіндірді. Сонымен қатар, депутат референдумға қатысудың маңыздылығын атап өтті.
РКС: Цифрлық технологияларды дамыту, білім мен ғылымды жетілдіру, қоғамдық және саяси институттарды жаңғырту бұл - қазір ел алдында тұрған жаңа міндеттер. Ал қолданыстағы Конституция 90-шы жылдардағы саяси және әлеуметтік жағдайларға сай жасалған. Осы ретте бүгінде әзірленіп жатқан Жаңа Конституция жобасы - терең сараланған, ең алдымен ұлттық мүдде мен адам құқықтарын толық қорғауға бағытталған мемлекеттің басты құжаты болмақ. Сондықтан бұл - уақыт пен заман талабынан туындаған қажеттілік,-дейді халық қалаулысы.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДЕМЕНТЬЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Конституцияның негізгі міндеті оның адамға бағытталғанын көрсете отырып, жалпы Конституция бізге не береді, Конституцияны біз не үшін жаңғыртып отырамыз, менің ойымша барлық азаматтарға осы Конституцияның негізгі бағыты оның адамға бағытталғанын. Біз түсіндіріп айтуымыз керек, бүкіл саяси институттар Парламенттен бастап Халық Кеңесіне дейін адамға бағытталатын болады.
РКС: Жаңа Конституция жобасында азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға басымдық берілген. Енді мемлекет әрбір азаматтың жеке деректерін қорғауға міндетті. Ал бұл - цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект заманында аса маңызды. Сондай-ақ, білім, ғылым және инновацияға ерекше мән берілген.
СНХ: ЖАННА АЛЕКСЕЕНКО, ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Біз еліміздегі білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге зор үміт артамыз және осы бағыттағы реформалар әрбір оқушының сапалы білім алуына, мұғалімдердің кәсіби дамуына және мектептердің заманауи талаптарға сай қызмет көрсетуіне септігін тигізетініне сенімдіміз. Ел болашағы - білімді ұрпақта, сол себепті бұл бастамалар маңызды әрі стратегиялық мәнге ие.
РКС: Сондай-ақ, Жаңа Конституцияға «Миранда қағидасы» енгізіледі. Енді жауапты органдар күдіктіні ұстаған кезде оның негізгі құқықтарын міндетті түрде түсіндіруі тиіс. Егер бұл талап орындалмаса, тергеу - заңсыз деп танылады. Бұған қоса, Жаңа Конституцияда неке институтына айрықша мән берілген. Онда неке - ер мен әйелдің тең құқылы одағы ретінде айқындалған. Халық қалаулысы бұл норма отбасыдағы теңдік пен өзара құрметті қамтамасыз етіп, дәстүрлі отбасы құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді,-дейді.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ