ДИКТОР: Көкшетаудағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында математика пәнінен доцент, математик, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, жерлесіміз Мыңбай Ысқақов атындағы олимпиада өтті. Оған шаһардағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары қатысты. Бұл білім сайысы осымен екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.

РКС: Мәдина Бақытбек №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы. Бала кезден математика пәніне жаны құмар. Бұған дейін де түрлі облыстық, республикалық жарыстарға қатысып, жақсы нәтижеге көрсетіп жүр. Ол осы математика пәнін ұлттық бірыңғай тестілеуде де таңдап отыр. Мыңбай Ысқақов сынды математик болғысы келгенін жасырмайды.

СНХ: МӘДИНА БАҚЫТБЕК, №16 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ: Мен осы Мыңбай Ысқақовтың олимпиадасына бірінші рет қатысып отырмын. Осы олимпиаданың ұйымдастыруына мен таң қалып отырмын. Бірінші рет қатысып отырған соң, олимпиада есептеріне ұқсас есептерді тауып алдым. Сол бойынша дайындалдым.

РКС: Бұл олимпиада Мәлік Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясы қабырғасында бекерден-бекер өткізіліп отырған жоқ. Дәл осы білім ошағында Мыңбай Ысқақов өзінің алғашқы еңбек жолын бастап, ұзақ жыл математика пәнінен сабақ берген.

СНХ: АРДАҚ АХМЕТЖАНОВА, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ №3 КӨПСАЛАЛЫ МЕКТЕП ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Былтырғы жылы біз тек 8-ші сыныптарды ғана қатыстырған болатынбыз. Биылғы жылы ауқымы кеңейді. Алдағы жоспар, облыстық деңгейге жеткізу. Одан әрі республикалық деңгейге жеткіземіз деген жоспарымыз бар. Себебі, біздің қазақ ғалымдарымызды дәріптеу керек. Атын шығару керек деп есептейміз.

РКС: Олимпиадаға Мыңбай Ысқақовтың қызы Алма Ысқақова арнайы келіп, оқушыларға сәттілік тіледі. Айта кетейік, ғалымның қызы сайыс қатысушыларына ақшалай демеушілік көрсетті.

СНХ: АЛМА ЫСҚАҚОВА, МЫҢБАЙ ЫСҚАҚОВТЫҢ ҚЫЗЫ: Көкше өңіріне алғысым шексіз. Өйткені бұл аймақ менің ата-анамның туған мекені. Әкемнің есімін, елге сіңірген еңбегін ұмытпай, жылда оның құрметіне осындай шара өткізіп отырғандарыңызда рахмет! Әкемнің есімі ел жадында мәңгі сақталмақ.

РКС: Облыс орталығындағы 27 білім ұйымының 20-ға жуығы олимпиадаға қатысуға ниет білдірген. Олимпиадаға қатысушылар 1 сағат ішінде 25 сұрақтың шешімін табуы керек. Жоғары ұпай жинағандар жеңімпаз атанып, арнайы кубокпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ