ДИКТОР: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өртке қарсы жаңа техникамен толықты. Кілтті табыстау рәсімі Зеренді филиалының базасында өтті. Автопарк техникасын жаңарту жұмыстары өрт қаупі жоғары маусымға тыңғылықты дайындық пен табиғи аумақтарды қорғау шараларын арттыруға бағытталған.
РКС: «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Республикалық техникалық базаны жаңарту» бағдарламасы аясында арнайы 17 жаңа автокөлікпен толықты. Мемлекеттік бюджет есебінен лизингтік қаржыландырудың арқасында жүзеге асып отыр. Жаңа көліктердің техникалық базасы ескі көліктерге қарағанда едәуір мықты. Мәселен, 3 тоннаға дейін су тасымалдай алады, өздігінен сөндіру жүйесімен жабдықталған және орман өрттерін көлік қозғалысы барысында да жоюға мүмкіндік береді.
СНХ: ЖОЛДАСҚАН ҚАРАБАЕВ, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Президент тапсырмасына сәйкес ауқымды бағдарлама аясында бюджеттен өртке қарсы жабдықтар мен техникаға қомақты қаражат бөлінді. Былтыр 17 өрт сөндіру автокөлігін сатып алдық. Техникалар, заманауи әрі жақсы жабдықталған. Биыл да қаржыландыру көлемі қомақты. Бұл техникалар алдағы уақытта өртті сөндіру жұмыстарына жұмылдырылады.
РКС: Мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің техникалық базасын жаңарту мобильді топтарды күшейтуден басталды. Бұған дейін 28 шағын орман патрульдік кешені сатып алынған еді. Бұл маневрлі көліктер өрт ошағын жедел анықтап, күрделі учаскелерді патрульдеуде таптырмас құрал. Олардың басты ерекшелігі өздігінен сөндіру жүйесімен жарақтандырылған. Ауыр жұмыстарды атқару үшін парк 16 МТЗ тракторымен толықты. Олар орман өрттерінің алдын алу шараларын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
СНХ: КҮШПАЙ БҰҚАНОВ, «КӨКШЕТАУ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ ЗЕРЕНДІ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Жаңа техникамен жабдықталып жатырмыз қазір. Бұл біздің жұмысымызға үлкен көмек. Себебі, бұрынғы техниканың әбден тозығы жеткен еді. Жаңа көліктердің кілтін алдық, біз үшін елеулі оқиға. Біздің жұмысымыздың негізі - орман өрттерін анықтау және дер кезінде оның алдын алу шараларын қабылдау.
РКС: Былтыр «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Арықбалық филиалында өрт оқиғасы тіркеліп, ол дер кезінде ауыздықталды. Осындай жағдайларға жедел әрекет ету маңызды. Бұл мамандардың жоғары біліктілігі мен шеберлігін талап етеді. Бүгінде ұлттық паркте 620-ға жуық инспектор еңбек етеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ