ДИКТОР: Жарқайың ауданына қарасты Львовское ауылында «Денсаулық – 2026» атты аудандық 31-ші қысқы спартакиада өтті. Ауқымды спорттық шараның салтанатты ашылуында Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, жазғы және қысқы көпсайыс бойынша Ақмола облысының бірнеше дүркін чемпионы Людмила Шварнева спартакиада алауын жақты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Биылғы спартакиаданың бағдарламасы мазмұнды әрі тартысқа толы болды. Қатысушылар қысқы Президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, конькимен жүгіру және шайбалы хоккей сынды спорт түрлерінен өзара мықтыны анықтады. Жарысқа ауылдық округтерден келген командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ұйымдастыру жұмыстарының сапалы өтуіне жергілікті шаруашылықтар мен кәсіпорындар демеушілік қолдау көрсеткен.
СНХ: АНЖЕЛА МАКАНОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ: Бұл спартакиадаға мен де қатыстым. Ауыл иелері бізді ерекше ықыласпен қарсы алды. Мұнда қысқы Президенттік көпсайыс бойынша жарысқа қатысып, шаңғы жарысында, жерден тіреліп көтерілу, турникке тартылу және нысана көздеп ату сайыстарында қарсыластармызбен тартысты бәсекеге түстік.
РКС: Спартакиада бағдарламасындағы ерекше қызығушылық тудырған сайыстың бірі қысқы спорттық балық аулау жарысы. Мұнда қатысушылар табиғатпен үндестікте әрекет ету шеберлігін де көрсетті. Қалың мұз үстіндегі бәсеке көрермендер үшін де тартымды өтті.
СНХ: АБАЙ АХМЕТОВ, ЕСІЛ ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Мұнда 15 ауылдық округтен 30 адам қатысып жатыр. Балық аулағандар бар. Ауа райы да бүгін жақсы болып тұр. Балықшылар қазір шұңқыр қазып, балыққа ауа жіберіп жатыр. Қыста мұздың қалыңдығынан оттегі аз болады.
РКС:Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте
бірінші орынды Львовское ауылы еншіледі. Пятигорское ауылы екінші орынға тұрақтаса, Тасөткел елдімекені үшінші орынға лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аранайы дипломдар мен сыйлықтарға ие болды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ