ДИКТОР: Көкшетауда талантты әнші-композитор Асқар Дүйсеновті еске алуға арналған шағын футболдан республикалық турнир өтті. Аталмыш додаға Солтүстік Қазақстан облысы, Астана және Көкшетау қалаларынан келген 10 команда қатысты.
РКС: Шара шымылдығы марқұм өнерпаздың өз қолтаңбасымен дүниеге келген «Қызылту» әнімен түрілді. Жүрекке жылу сыйлап, ел рухын көтеретін туындыны Асқардың ұлы Расул Асқарұлы орындады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Турнирге жиналғандардың қатарында әншінің жерлестері, достары, өнердегі әріптестері мен жанкүйерлері бар. Олар бұл жарысқа жеңіс үшін емес, Асқардың есіміне тағзым ету үшін келген. Қатысушылар мұндай игі бастамалар өнер адамдарының арасындағы бауырмалдықты бекемдеп, достықты нығайтатынын айтады.
СНХ: ДИАС АЮПОВ, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (АСТАНА Қ.): Астана қаласынан келдік. Бәрі жақсы. Бәрі ұнап тұр. Ұйымдастыру, бәрі жақсы. Асқар үшін келдік. Жылда қатысуға дайынбыз. Көкшетау мен Астана, Қызылтудың арасы осындай бірлігіміз, достығымыз болсын деймін.
РКС: Аталмыш турнир биыл алғаш өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта оның ауқымын кеңейтіп, дәстүрлі жарысқа айналдыруды көздеп отыр. Ғұмыры қысқа болса да, өнері мен адами болмысы қатар өрілген Асқар Дүйсеновтің есімі осындай тағылымды шаралар арқылы ел жадында мәңгі сақталмақ.
СНХ: БОЛАТ ДҮЙСЕНОВ, АҒАСЫ: Мынау 1-ші турнир біздің Асқар бауырымыздың еске алу турнирі. Жылда болады деп ойлаймыз. Ойын болып жатыр. Командалар жақсы. Асқар жас болса, да, жарық жұлдыздай ерте өтіп кетті. Сондықтан осындай турнир ол біздің бауырымыздың абыройы.
РКС: Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені Асқардың жерлестері - Қызылту командасы еншіледі. 1-ші және 2-ші орындар Солтүстік Қазақстан облысынан келген командаларға бұйырды. Барлық қатысушылар кубоктармен және медальдармен марапатталды.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ