ДИКТОР: Ақмола облысында кәсіби спортты қаржыландырудың тәсілі өзгереді. Облыстық әкімдікте «Оқжетпес» футбол клубын одан әрі дамыту және өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару моделіне көшіру тетігі талқыланды. Аймақ басшысы Марат Ахметжановтың төрағалығымен жұмыс кеңесі өтті. Талқылауға ірі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының өкілдері қатысты.
РКС: Мемлекет басшысының кәсіби спортты кезең-кезеңімен коммерцияландыру және клубтардың бюджет қаржыландыруына тәуелділігін азайту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға ерекше назар аударылды. Футбол клубының қоғамдық қорын құру жөнінде басты шешім қабылданды. Қазақстанның Еңбек Ері, «Родина» агрофирмасы» серіктестігінің директоры, Ақмола облысының Құрметті азаматы Иван Сауэр қордың құрылтайшысы болады. Ол аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен бірлесіп, ақмолалық футболға жүйелі қолдау көрсетеді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында футболды коммерцияландыру мәселесін сан мәрте қойды. Өйткені бізде айқындалған бюджет бар. Бірақ оны біз балалар футболын дамытуды жоспарлап отырмыз, Өйткені инфрақұрылым базасын қалыптастыруымыз қажет. «Оқжетпес» футбол клубын коммерцияландыруға қатысты жұмыстар жүріп жатыр. Бірқатар қарызды жаптық. Оңалту процесі жүріп жатыр. Қазір Премьер-Лигада. Қазақстан футболынан кей сәттерле грант жеңіп жүрді.
СНХ: ӘНУАР КҮМПЕКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ФУТБОЛ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрама жасақталды. 8 ойыншы өзіміздің ақмолалық. Команда капитаны жерлесіміз Виктор Зябко. Басшылық та бұрынғы. Жаттықтырушылық штаб толығымен жаңартылды. Жас жаттықтырушыны тарттық.
РКС: Осылайша, «Оқжетпес» клубы өңірлік бизнестің қатысуымен жаңа басқару моделіне көшеді. Ал облыста кәсіби спортты бюджеттен тыс қаржыландырудың жүйелі тетігі қалыптасады.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ