ДИКТОР: Елде еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесі әлі де толық шешімін таппай отыр. Мәселен, Көкшетау қаласындағы мансап орталғында 1800-ге жуық адам жұмыссыз ретінде тіркелген. Тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында бүгін аталған орталық бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастырды. Аталған шараның басты мақсаты жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатып, бос жұмыс орындарын ұсыну.
РКС: Жәрмеңке барысында 30-ға жуық түрлі мекеме мен кәсіпорын 200-ге жуық бос жұмыс орнын ұсынды. Олар үміткерлермен түлдесіп, қажетті мамандарға қатысты толық мәлімет берді. Сонымен қатар, қатысушыларға мемлекеттік бағдарламалар, қайта даярлау курстары мен кәсіп ашуға арналған гранттар туралы және өзгеде қажетті ақпараттар ұсынылды.
СНХ: АҚБОТА ЕРЕЖЕП, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ МАНСАП ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Білім беру ұйымдарының түлектеріне жүмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шарасы ретінде жастар практикасы ұсынылды. Сондай-ақ, жұмыссыз азаматтар үшін кәсіби оқудан өту мүмкіндігі қарастырылған. Егер жұмыс іздеп жүрген адамның өтініш берген сәтінде еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылары мен мамандығы болмаса, оған жаңа мамандық алуға мүмкіндік беріледі.
РКС: Былтыр шаһарда 2 300-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қазір орталықта 1800-ге жуық жұмыссыз адам тіркелген. Электрондық еңбек биржасында 1400-ге жуық бос жұмыс орны бар.
СНХ: БАЛҚАДИША СОҒЫМБАЕВА, «НОВОПЭК» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ӨКІЛІ: Бізге тігінші, операторлар, тоқыма станогының операторлары қажет және қосалқы жұмысшылар қажет. Жалақымыз 200 мыңнан бастап 400 мыңға дейін жетеді. Тегін қызметтік автобусымыз жүреді және түскі ас тегін.
СНХ: СӘКЕН СӘКИЕВ, ЖҰМЫС ІЗДЕУШІ: Ұста болып жұмыс істегеніме біраз болды. Негізі құрылыста 40 жылдан астам жұмыс істедім. Сол қазір денсаулығыма байланысты жұмыстан шығып кеттім. Қазір қайтадан жұмыс іздеп жүрмін. Бүгін жәрмеңке болып жатыр екен. Жұмыс табылар деген ой бар енді.+скл+жалақы 250 мың теңге болса жетіп жатыр.
РКС:«Халықты жұмыспен қамту туралы» заңға сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру да қарастырылған.
СНХ: ОКСАНА ТУПИЦЫНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Бүгінде бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қоғамнан оқшау жерлерлерде жазасын өтеген тұлғалар да шақырылды. Қазір Көкшетау қаласының пробация бөлімінде 15 жазасын өтеуші есепте тұр. Тұлғаларды жұмыспен қамту оларды қайта ортаға бейімдеу және әлеуметтендіру, азаматтардың бойында заңға бағынатын тұрақты мінез-құлық қалыптастыруға ықпал етеді және қайталатын құқықбұзушылықты алдын алудың тиімді жолы.
РКС: Бүгінгі жәрмеңкеге 70-ке тарта жұмыссыз қатысып, оның 15-і жаңа жұмыс орындарына орналастырылды. Ал, 5-уі Мансап орталығына жұмыссыз ретінде тіркелді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ