ДИКТОР: Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде жаңа Конституция жобасына арналған дөңгелек үстел өтті. Шараға оқытушылық құрам, депутаттар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында қатысушылар негізгі өзгерістердің мазмұнын, мақсатын жан-жақты талқылады.

РКС: Ұлттық Құрылтай аясында ұсынылған бастамаларды түсіндіруге ерекше назар аударылды. Спикерлер ұсынылып отырған жаңашылдықтар әділеттілік, ашықтық және мемлекеттік институттардың есептілігі қағидаттарын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Бүгінгі кездесуге қатысушыларды мына жаңа Конституцияның жобасымен таныстырып, негізгі бағыттарын туралы таныстырып айтқым келеді, сонымен қатар он бесінші наурызда барша студенттерді, біздің азаматтарды осы референдумға қатысуға шақырамын.

РКС: Кездесуде жастардың роліне ерекше мән берілді. Сарапшылар студенттердің белсенді азаматтық ұстанымы мен қоғамдық-саяси үдерістерге қатысуы еліміздің болашағын қалыптастыруға үлес қосатынын атап өтті.

СНХ: ОРАЗАЛЫ МЕЙРАМБЕК, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ: Конституция ғана емес, Қазақстан Республикасының еркіндігі және құқығы әр азаматтың еркіндік бостандығы деп білдіреді. Жалпы осы реформалар аясында біз өзіміздің Конституциямызды нықтай аламыз және де өзімізді жоғары деңгейде көрсете аламыз, әр Қазақстан Республикасының әр азамат азаматша өзінің құқығын және өзінің еркіндігін өзінің ойын білуі тиіс деп ойлаймын.

РКС: Студенттер де жарыссөзге қатысып, өз көзқарастарын және жастар арасында құқықтық мәдениетті арттыруға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар мұндай кездесулер ақпараттандыру деңгейін арттырумен қатар мемлекет пен жас буын арасындағы сындарлы диалогты нығайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ