ДИКТОР: Мұса Жәлел – татар халқының ұлы ақыны, қоғам қайраткері, екінші Дүниежүзілік соғысының батыры. Қан майдан басталғанда ақын қатардағы жауынгер ретінде қолына қару алып, ұрыс даласына аттанды. 1942 жылы немістердің қолына түсті. 1944 жылы Берлинде өлім жазасына кесілді. Ақпанның 15-сінде ақынның 120 жылдық мерейтойы атап өтілді. Осы орайда Көкшетаудағы Мұса Жәлелдің ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, рухына тағзым етілді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Мұса Жәлел жастайынан қалам тербеп, татар әдебиетінің дамуына зор үлес қосты. 1920–30 жылдары поэзия, драматургия және публицистика саласында еңбектері жарық көрді. Татар мәдениетінің көрнекті өкіліне айналды.
СНХ: РАФАИЛ СУЛЬКАРНАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР-БАШҚҰРТ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ақмола облысының татар және башқұрт бірлестігі татар халқының көрнекті перзенті Мұса Жәлелдің еске алу күнін ризашылықпен атап өтіп жатырмыз. Осыдан төрт жыл бұрын Көкшетау қаласында Мұса Жәлел ескерткіші бой көтерген еді. Ол үшін қала мен облыс басшылығына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
РКС: Ақынды еске алуға арналған шарада Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінің студенттері мен татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің өкілдері өлең шумақтарын оқып, татар халқының әндерін айтты.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: РАШИТ АХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАТАР-БАШҚҰРТ БІРЛЕСТІГІНІҢ БЕЛСЕНДІ ӨКІЛІ: Татар халқының ұлы ақыны, майдангер Мұса Жәлел өз халқының көрнекті қайраткері, нағыз батыры болды. Осындай ұлы тұлғаларды есте сақтау және олардың ерлігін жас ұрпаққа жеткізу – біздің отандастар алдындағы парызымыз.
РКС: Мұса Жәлелдің шығармалары 70-тен астам тілге аударылды. Ақын тек татар ұлтының ғана емес, бүкіл Кеңес Одағы халықтарының ортақ мақтанышы. Оның өмірі мен шығармашылығы – ерлік пен Отансүйгіштіктің символы.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ