ДИКТОР: Осыдан 37 жыл бұрын 1989 жылы 15 ақпанда Кеңес Одағының әскери күштері Ауғанстан жерінен толық шығарылды. Бұл оқиға Ауған соғысының аяқталуы мен аймақтық саясаттағы маңызды өзгерістердің белгісі болды. Кеше Ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Кеңес әскерлері он жыл бойы Ауғанстанда түрлі операциялар жүргізіп, елдің ішкі саяси жағдайына қатысып келген еді. Сондай-ақ, бұл кезең Кеңес қоғамында үлкен әлеуметтік және психологиялық әсер қалдырды.

СНХ: ЫБЫРАЙ ДУАНБАЙ, ОБЛЫСТЫҚ АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІ МЕН МҮГЕДЕКТЕРІ ОДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Бұл біздің жастарға сабақ. Сол соғысқа қатысқан ардагерлер мектептерде кездесу жасап, еліміздің әрі қарай көркеюіне өздерінің үлесін қосып жүреді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын дейміз. Соғыстың болмауына өзіміз атсалысып, жастармен жұмыс істеуіміз керек. Жастарды елімізді қорғауға, еліміздің көркеюіне өздерінің атсалысуына үлесімізді қосуымыз керек.

РКС: Соғыстан оралған сарбаздар қиыншылықтарды бастан кешіріп, олардың өмірі мен тағдыры жылдар бойы ел назарында болды. Ауған соғысының ардагерлері жыл сайын ескерткіштің қасында жиналып, сол шайқаста қаза тапқан достарын еске алады.

СНХ: ВИКТОР ГРИШКО, АУҒАН СОҒЫСЫНЫҢ АРДАГЕРІ: Барлығына денсаулық тілейміз. Бүгін осында шамамен 50 ардагер сол соғыста қаза болғандарды еске алу мақсатында гүл шоқтарын қоюға жиналды. Жыл сайын осы шараға қатысамын. Мұнда жыл сайын достарымызбен кездесеміз.

РКС: Атаулы күнге орай Красный Яр ауылында кикбоксингтен облыстық турнир ұйымдастырылды. Шамамен 100 спортшы чемпиондық атақ үшін өз шеберлігін көрсетті. Жарыс ұрпақтар сабақтастығын, ерлікке деген құрметті және жарқын болашаққа сенімділікті айқын көрсететін доданың бірі болды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ