ДИКТОР: Жабай, Қалқұтан, Шағалалы, Нұра және Есіл өзендері 60 шақырымға тереңдетіліп, түбі қоқыстан тазартылды. Өйткені, бұл өзендер жыл сайын көктем уақытында арнасынан тасып жатады. Былтыр 17 гидротехникалық нысан қайта жаңғыртылды. Осылайша, 70 елдімекеннің 60 мыңнан астам тұрғынының қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

РКС: Атбасар ауданының тұрғыны Өмірсерік Шайхин 2014 жылы көктемгі су тасқыны кезінде үйін су басып кетті. Сол жылы 200-ден астам отбасы баспанасыз қалған еді. Көп ұзамай тұрғындарға жаңа баспана берілді. Қазір ол Жабай өзеніне жақын тұратын атбасарлықтар үшін алаңдайтынын жасырмайды.

СНХ: ӨМІРСЕРІК ШАЙХИН, АТБАСАР АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Аудан тұрғындарының қауіпсіздігіне үлкен көңіл бөлінуде. Көктемгі су тасқынының алдын алу үшін жақсы техникалық ресурстар мен арнайы техникалар жұмылдырылып отыр. Бұл қуантарлық жайт. Біз жиі келіп, қандай жұмыс атқарылып жатқанын бақылап отырмыз. Техникалардың жағдайы жақсы, сондықтан жыл сайын қауіпсіздік артып келеді.

 РКС: Жабай өзенін тереңдету жұмыстары былтыр басталды. Оған 100-ге жуық техника мен 200-ден астам жұмылдырылды. Жоба екі жылға арналған. Алдағы уақытта өзеннің тағы 7 шақырымы тереңдетіледі деп жоспарланып отыр.

СНХ: ӘДІЛХАН ЖҰМАТАЕВ, МЕРДІГЕР: Қазір Жабай өзенін кеңейтіп, тереңдеттік. Бүгінгі күнге дейін жұмыстың 70 проценті орындалды. Су тасқынына дейін жұмысты 90 процентке аяқтауды жоспарлап отырмыз.

РКС: Су тасқынының алдын алу жұмыстары барлық ауданда қарқынды жүріп жатыр. Қазір 50 шақырымға жуық арық тазаланып, 40 шақырым бөгет тұрғызылды. Сонымен қатар, биыл қар шығару және мұз жару жұмыстарына ерекше назар аударылып отыр.

СНХ: ӘДИ ХАЛЕЛ, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АУМАҚТЫҚ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 2026 жылы қыс мезгізілінде қар шығару жұмыстарына 4 миллиардтан астам қаражат бөлінді. Бұл сумма өткен жылға қарағанда екі есе көп. Бұдан бөлек, өзен арналарындағы мұз жару жұмыстарына 103 млн.теңге қаражат бөлінді. Бұл сомма да 1,7 есеге көп. Қазіргі кезде облысымызда су тасқанына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

РКС: Синоптиктер қар былтырғы жылмен салыстырғанда 30 процент аз түскенін айтып отыр. Алайда, топырақтың үсті қатты. Қалың мұз ерімей, қар суы жерге сіңбейді, - дейді мамандар.

СНХ: НАДЕЖДА ГУРИШКИНА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Әзірге Есіл, Қалқұтан, Жабай және Сілеті өзендері көктем уақытында өз арнасынан асады деген қауіп бар. Сонымен қатар, Есіл өзенінің бойында орналасқан Бұланды мен Астрахан аудандарында су деңгейі шекті деңгейден асып кетуі ықтимал.

РКС: Мамандар қардың қашан ери бастайтынын дөп басып айту мүмкін емес,-дейді. Сондықтан көктемгі су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасады. Осылайша, өңір тұрғындарының қауіпсіздігі барынша қамтамасыз етілмек.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ