ДИКТОР: Жақсы ауданындағы Қима-Терісаққан автожолындағы көпірді қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Былтыр су деңгейінің көтерілуі мен Есіл өзенінің тасуы салдарынан өткелді су шайып кеткен еді. Тексеру қорытындысы бойынша көпір апатты деп танылды. Қазір көктемгі су тасқынына дейін көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, жаңа көпір салу да жоспарланып отыр.
РКС: Бүгінде көпір арқылы өтетін барлық көлік қозғалысына шектеу қойылған. Аудан тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жергілікті билік өкілдері айналма жол салды. Барлық дайындық жұмыстарынан кейін былтыр желтоқсан айында көпірді қайта жаңғырту жобасын іске асыру қолға алынды. Қазір су тасқыны кезеңіндегі қауіп-қатерді азайту мақсатында өткелде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
СНХ: ЕЛАМАН ҚАРАШИН, ЖАҚСЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Қазір дамба салу жұмыстары жасалып жатыр, бұл дамба салу жұмыстары, біріншіден, судың деңгейі көтерілген байланысты суды ұстап қалу үшін жасалынып жатыр, одан бөлек көктемгі су тасқыны кезінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты. Бұдан басқа көктемгі су тасқыны кезіндегі судың көтерілуіне байланысты және де оның кедергісіз өтуі үшін мосттың екі жағынан талдарды тазалау жұмыстары атқарылды. Осы жұмыстардың жасалуы ең бірінші мақсаты бұл мосттың ар жақ бетіндегі тұрғындардың көктемгі су тасқынын кедергісіз қозғалу үшін басталып жасалынып жатыр.
РКС: Қалпына келтіру жұмыстарымен қатар, тасқын судың кедергісіз өтуі үшін өзен арнасы да тазартылуда. Мердігер ұйым ақпан айының соңына дейін көпір арқылы көлік қозғалысын қайта ашуды жоспарлап отыр.
СНХ: БАҚНҰР МАЙҚОН, ЖҰМЫС УЧАСКЕСІНІҢ ШЕБЕРІ: Бізде проект де ма бізде қазір осы таңқа дейін жасалған жұмыстар дамба бір дамба екі жұмыстар дамбаны көтердім дейді. Су шайып кеткен жолдарды қалпына келтіру және тағы да басқа жұмыстар жүріп жатыр.
РКС: Жаңа көпір Есіл өзені арқылы өтетін өткел ретінде салынады. Жоба құны – 5,8 миллиард теңге. Былтыр құрылысты бастауға 1 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, соның есебінен барлық қажетті құрылыс материалы алдын ала сатып алынды. Ал биыл көпірдің негізгі құрылысын жүргізу үшін кемінде 2,5 миллиард теңге қажет.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ