ДИКТОР: Бурабай көлінің үстінен жаппай жүгіру жарысына 1 мыңнан астам адам қатысты. Ақпанның 14-і ұлттық паркте жыл сайынғы "Burabay Ice 2026" мұзда жүгіру жарысы өтті. Аталмыш шараны "Экстремалды атлетика" қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

РКС: Қатысушылар 7, 14 және 21 шақырым қашықтықта жүгірді. Мұндай форматтағы жарысқа тәжірибелі спортшылармен қатар, белсенді өмір салтын ұстанатындар да жаппай қатысты. Әсіресе, қатысушылардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды. Құтқарушылар мен медицина қызметкерлері кезекшілікте болды.

СНХ: НАТАЛЬЯ ЭКЕРТ, ЖАРЫСҚА АРНАЙЫ КЕЛГЕН ҚОНАҚ (АСТАНА Қ.): Бұл жарысқа менің жұбайым қатысып жатыр. Ол 14 шақырым қашықтықты жүгіріп өтеді. Бұған дейін ұйымдастырылған екі жарыста мен де дәл осы қашықтықты жүгіріп өтіп, бірінші орынды еншілеген едім. Биыл қатысқан жоқпын. Бірақ, қатысушыларды қолдауға және осы керемет іс-шараны көзбен көру үшін арнайы келдім. Өйткені, бұл жарысты командамызбен ешқашан қалт жібермейміз. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Қатысушыларға деген қолдау да керемет. Ұсақ-түйекке дейін бәрі тап-тұйнақтай етіп жоспарланған.

ИНФОГРАФИКА: Жарысқа 11 мемлекет қатысты. Қазақстаннан бөлек, Ресей, Франция, Ұлыбритания, Өзбекстан, Жапония, Жаңа Зеландия, Канада, Перу және Венгрия бар. Бурабай төріндегі қысқы жарыстарға халықаралық деңгейде қызығушылық жыл сайын артып келеді, - дейді ұйымдастырушылар.

ЖАРЫСҚА 11 МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨКІЛІ ҚАТЫСТЫ

(ЕЛДЕРДІҢ ТУЫ)

Қазақстан Жапония

Ресей Жаңа Зеландия

Франция Канада

Ұлыбритания Венгрия

Өзбекстан Перу

Италия

СНХ: ПАВЕЛ ТЕНЦЕР, "BURABAY ICE 2026" ЖАРЫСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қысқы марафондар мен жарыстар қыс мезгілінде қатысушыларға ерекше сезім сыйлау үшін ұйымдастырылып тұрады. Ең алдымен олар керемет сезім алу үшін келеді. Ал, қыста таза ауадағы жарыстар өте аз ұйымдастырылады. Біз сирек кездесетін жарыстарды өткіземіз. Қателеспесем әлемде мұзда жүгіруге арналған тек 10 жарыс бар. Біз бұл жарысты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы бойынша алғашқылардың бірі болып ұйымдастырып отырған ел шығармыз. Ресейде екеу және біреуі бізде. Жүгірушілерге бұл жарыс өте ұнайды. Көшедегі, ауылдар мен орманның арасындағы жарыстарды жиі көреміз. Ал, мұз үстінде тек қыс мезгілінде ғана жүгіруге болады.

РКС: Жамбыл облысының тумасы Денис Степаненко кәсіби жүгірумен айналысып жүргеніне 7 жылдай болды. Денистің қысқы жарысқа алғаш рет қатысуы. Ол 7 шақырымдық қашықтықта көш бастады.

СНХ: ДЕНИС СТАПЕНЕНКО, "BURABAY ICE 2026" ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ (ЖАМБЫЛ О.): Қиын болды, бірақ мен өте жылдам қарқынмен жүгірдім. Себебі, менің артымда жылдар бойы жаттыққан тәжірибем жатыр. Егер аяқтарыңыз шымыр болса, бұл қашықтықты оңай, әрі тез жүгіріп өтесіз. Бірақ, дайындық болмаса, бағындыру өте қиынға соғады.

РКС: Шараны ұйымдастыру арқылы қыс мезгілі бұл спортқа деген белсенділікті бәсеңсітуге себеп емес екенін көрсеткіміз келді,- дейді жарысқа қатысушылар. Біреулер үшін бұл спорттық сынақ, ал өзгелерге өзі үшін жаңа бастамаларға жол ашуға зор мүмкіндік болса керек.

ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ