ДИКТОР: Күні кеше «Рио» сауда-ойын-сауық орталығында Қазақстан Республикасында наурыздың 15-де өтетін референдумды қолдауға арналған концерт өтті. Оны тамашалауға жүздеген қала тұрғыны жиналды.

РКС: Конституция – кез келген мемлекеттің берік тірегі. Ол қоғамның басты құндылықтарын айқындап, әділдік, теңдік пен жауапкершілік қағидаларын бекітетін негізгі заң. 15-ші наурыз күні жаңа Конституцияны қабылдау жөнінде референдум өткізілмек. Осыған орай сауда орталығында ұйымдастырылған «Халық таңдауы – 15 наурыз» атты концертте облыстық шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АНАРГҮЛ МҰХАМЕДРАХИМОВА, ОБЛЫСТЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ АЛЬЯНСЫ ЖӘНЕ КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Референдумның алдында керемет концерт болып жатыр. Және де бүгін Көкшетау қаласында керемет жәрмеңке болып жатыр. Елімізде өтетін 15-ші наурыз күні референдумға белсенді қатысып, мен көпбалалы анамын, бейжай қарамаймын. Осы қоғамда менің балаларым өседі. Сондықтан осы референдумға міндетті түрде келіңіздер, қатысыңыздар.

РКС: Аталған шара тек өнер кеші ғана емес, сонымен қатар тарих пен дәстүрге құрмет танытып, мемлекеттілікті дамыту және нығайтуға бағытталған өзгерістердің маңызын терең ұғынуға үндейтін мазмұнды алаңға айналды.

СНХ: БИСАРА МӘКЕНОВА, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ӘРТІСІ: Жаңа Қазақстан, жаңа Конституция елімізге үлкен, жарқын болашақ әкеледі деп сенемін. Бәріміз қолдаймыз Конституцияны. Елімізде үлкен, жақсы жаңалықтар, халықтың жағдайы жақсарады деп ойлаймын, оған сенімдімін. Сондықтан да бәріміз бүгін би билеп, өлең айтып, халық жиналып, бәріміз күшті көңіл-күйдеміз. Бар жақсылықты тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. 15-ші наурыз референдумға барлық халықты, жерлестерімді келуге шақырамын. Қолдайық, еліміз үшін бәріміз жауаптымыз.

РКС: Сонымен қатар сауда орталығында жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдары ұсынылған қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл игілікті шара алдағы Рамазан айына орайластырылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жалпы кірістің 20 пайызы мұқтаж отбасыларға көмек көрсетуге бағытталмақ.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ