ДИКТОР: Елімізде өтеусіз қан донорлығы айлығы аясында «Мен донормын» акциясы жалғасуда. Бүгін 60-қа жуық волонтер сауапты іске қатысып, қан тапсырды.
РКС: Шаһардағы облыстық қан орталығында бүгін ерекше қарбалас. Қайырымдылық іске ниет білдіргендер көп. Олардың арасында алғаш келгендер де, тұрақты түрде қан тапсырып жүрген донорлар да бар. Жібек Муталлапова Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің студенті. Бүгін ол алғаш рет қан тапсырды.
СНХ: ЖІБЕК МУТАЛЛАПОВА, ҚАН ТАПСЫРУШЫ: Басында қобалжу болды. Қорқыныш болды. Өйткені бірінші рет болғаннан кейін. Бұл қан тапсыру тек басқаларға көмектесумен қатар, өзімізге де пайдасы тиеді. Өзіміздің азғамызды тазартуға зор ықпалын тигізеді. Сол үшін де қан тапсырып отыру – қалыпты жағдай деп ойлаймын. .
СНХ: ДИДАР ХАМЗИН, ОБЛЫСТЫҚ ВОЛОНТЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ ФРОНТ-КЕҢСЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Бүгінгі акцияда Көкшетау қаласындағы барлық жоғары оқу орындары мен колледж сутденттері, волонтерлік орталықтардың белсенділері және жастар ұймдарының белсенділері қатысуда. Жалпы бұл акцияға бізде күн сайын белсенділер мен волонтерлер қатысып отырады. Жыл бойынша 200-ден астам волонтерлер бірнеше рет тапсыра алады.
РКС: Мамандардың айтуынша, жылына кемінде үш рет қан тапсырған адам - тұрақты донор саналады. Бүгінде шаһарда 1200-ге жуық тұрақты донор тіркелген. Ал бір донордан 450 миллилитр қан алынады. Қан тапсырар алдында әр азамат міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Дәрігерлер қан қысымын, гемоглобин деңгейін және жалпы денсаулық жағдайын тексереді. Ниет білдіргендердің барлығы бірдей донор бола алмайды. Оның нақты талаптары бар.
СНХ:ДИДАР НҮКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ҚАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДӘРІГЕР-ТЕРАПЕВТІ: Қан тапсыру бойынша 18 жастан жоғары болу керек. Сосын Д-учетта тұрған болса, ол көптеген дәрілерді сол күні ішпеу керек. Қан тапсыратын күні дайындалып келу керек. Майлы тамақтар, сүт тағамдары, жұмыртқа тағамдарын жемеу керек. Таңертең тұрып, қара шай қантпен, сосын жеңіл, печенька дейді ғой соны жеуге болады. Көптеген донорлар оны білмей, аш қарынға келе салады. Аш қарынға келмеу керек, қыстың күні. Себебі қандары қою болады.
РКС: Статистикаға сүйенсек, былтыр 8 мыңға жуық қан тапсырылған. Бұл көрсткіш өткен жылдармен салыстырғанда артып келеді. Дегенмен, мамандар, донорлық қанға сұраныс әрдайым жоғары екенін айтады. Себебі қанға зәру жандар қашан да донордың көмегіне мұқтаж. Өйткені бір адамның тапсырған қаны - бірнеше адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ