ДИКТОР: Кеңес дәуірінде Көкше өңірі зиялыларының көшін бастаған белгілі қоғам қайраткері, жазушы, журналист Жанайдар Мусиннің туғанына 90 жыл толуына орай Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Ол жазды атын өлместей, Көкшенің көркем тасына» атты еске алу кеші өтті. Жиналған қауымның арасында қаламгермен қанаттаса еңбек еткен түрлі сала мамандары, өзі тәрбиелеген шәкірттері, ауылдастары болды. Алыстан ат арылтып келген белгілі тұлғалар да сахна төрінде бірегей тұлғаның болмысын айшықтайтын естеліктерімен бөлісті.
РКС:Қазақ журналистикасын¬да өзін¬дік мектебін қалыптастырған тәлімгер-ұстаз осы үйде тұрып, шығармашылықпен айналысқан. Талай романдар туған үйдің бұрышына мемориалды тақта орнатылған. Жазушының бауырлары мен балалары осы жерге жиналып, ардақты азаматтың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық-драма театрының фойесінде қалалық кітапхана қызметкерлері қаламгердің қолынан шыққан туындыларынан көрме жасапты. Сонымен қатар әр кезеңде түскен фотосуреттерінің галереясы да көпшіліктің назарын аударды. Қоғам қайраткерлігімен ұштасқан басшылық тәжірибесін көрген, тәлім-тәрбиесін алған Мусин мектебінің шәкірттері біртуар тұлғаның ағалық қамқорлығын әлі күнге ұмытқан жоқ.
СНХ:САЙЛАУ КӨШКЕНҰЛЫ, САТИРИК-ЖАЗУШЫ: Жанайдар ағаның алдында тәлім-тәрбиеалған шәкірттерінің бірі менмін. Ол жастарға, қыз-жігіттерге ағалық жағынан басшылық жағынан көп қамқорлық жасап, үй жалдап тұрып жатқан журналистерге жатақханадан орын алуға көмектесіп, журналистерге пәтер берілсің деген шешім шыққаннан кейін әрқайсысына пәтер, үйлер алуына көмектесті. Жанайдар аға көбіміздің КазГУ-дің журналистика факультетінде сырттай оқып, білім алуымызға жағдай жасады.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Елу бес жасында жарық жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен жанның артында қалған мол мұрасы қазақ әдебиетін сүйіп оқитындар үшін әлі де рухани азық. Көкшенің әр тауы мен тасының құпиясына үңіліп, аңыздарына бойлауы, көркем келбетін суреттеуге келгенде шеберлік пен асқан талғампаздық танытуы да ерекше құбылыс.
СНХ: СЕРІК НЕГИМОВ, ПРОФЕССОР: Жанайдар Мусин ағамызшын мәнісіндегі кәсіби журналист, ұстаз, тәлімгер, өлкетанушы, жазушы.Өлкетанушы ретінде «Жер шоқтығы Көкшетау» деген еңбегі ересен, тарихи, мәдени мәліметтерге өте бай. Екінші, Жанайдар Мусин шын мәнісіндегі романшылық өнердің хас шебері, суреткер. Ол кісінің қолынан туған кесек-кесек романдар «Туған үйдің түтіні», «Ақ алаң», «Мандат» дейтін романдары осы біздің еліміздің жұртымыздың көркем тарихы.
СНХ: ҚЫЗЫР ЖҰМАБАЕВ, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Ол елін сүйгіш болды, елін сүйгіш, халқын сүйгіш, қандай жақсылықтар болса, еліне арнап, көз алдымызға елестетіп тұратын.ерте кетті ғой, әлі де болса жетімсіреп қалғандай болдық. Мен әр уақытта айтам бір горкомның хатшысы айтып еді осы өлкеде Біржан сал, Ақан сері, Кәкімбек Салықов, Еркін Нұржанұлы сияқты керемет адамдар осындай табиғат аясында тумағанда қайда туады деп мен сол кісілердің қатарына осы ағаны да қояр едім, өте адал, асыл адам еді.
РКС: Еске алу кешінде сөз алған облыс әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жазушының мағыналы да мазмұнды өмір жолының, игі істерінің жыл өткен сайын айшықтала түсетінін айтты. Қаламгер жайлы естеліктер топтастырылған «Ол жазды атын өлместей, Көкшенің көркем тасына...» жинағының таныстырылымы театр сахнасында өтті. Жыланды тауының баурайында дүниеге келіп, тауға қарап өсіп, тау тұлғалы азамат болып шыңдалған Жанайдар Мусин біз үшін биіктік пен іріліктің, кеңдік пен кемелділіктің өнегесі болып қала береді деді естеліктерімен бөліскендер.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ.