ДИКТОР: Ақмола облысында диқаншыларды қолдауға бағытталған «Кең Дала 2» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасын іске асыру жалғасуда. «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы тартылған қаражат есебінен шаруалар көктемгі егіс және күзгі орақ науқанын сапалы жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыра алады.

ГРАФИКА ЦИТАТА: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мемлекеттердің көбі ауыл шаруашылығына бюджеттен қыруар қаржы бөледі. Солардың қатарында Қазақстан да бар. Шаруаларға 2024 жылы 580 миллиард теңге, былтыр 1 триллион теңге жеңілдетілген несие берілді. Бұл – өте қомақты қаржы. Соңғы он жылда шаруаларға көрсетілген қолдаудың көлемі 10 есе артты.

«Turkistan» газетіне берген сұхбатынан

РКС: «Аграрлық несие корпорациясы» мен «Kokshe» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге арналған несие желіні ашу туралы негіздемелік келісімге қол қойды. Бұл құжат ұзақ мерзімді әріптестіктің негізі. Алдағы үш жыл бойы жергілікті диқаншыларға жеңілдетілген қаржыландыру қолжетімді болады. Мұндай тәсіл аграршыларға тек ағымдағы қажеттіліктерін өтеуге ғана емес, сонымен қатар шаруашылықтарын дамытуға жоспар құруға мүмкіндік береді.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, «KOKSHE» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: Несиелік желі 35 млрд теңгеге ашылды. 3 ақпанда 10 млрд теңге көлемінде қаржының алғашқы бөлігі түсті. Сәйкесінше біз құжат қабылдауды бастадық. Бұл бағдарламаның тартымдылығы «Даму» қоры несиенің 85 пайызына дейін кепілдік береді, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері кепілзат ұсынады, несиелер 5 пайызбен беріледі.

РКС: Қазір өңірде 48 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландыруға өтінім берді. Қолдау көлемі 19 миллиард теңге. Бұл аграршылар үшін болашаққа сенімді қадам. Жақсы ауданының диқаншысы Нұрсұлтан Қозыбаев «Кең дала» бағдарламасына бірнеше жылдан бері қатысып келеді. Оның айтуынша, жеңілдетілген несие ең алдымен технологияға үнемдемей, қолжетімді қаражатқа ие болу мүмкіндігі.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ҚОЗЫБАЕВ, ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылдан бастап 3-ші жыл кредит алып жатырмыз. «Кең Дала 2» деген бағдарлама бойынша, өте ыңғайлы бағдарлама, пайыздар өте аз, 1 жылдық. Сол «Кең Дала» нәтижесінде егініміздің түсімі молайды, оражайымыз көбейді. Уақытында ақша түсті. Сол ақша өсімдіктік алдық, әртүрлі гербицидтер алдық, уақытында дәрілеп, егініміздің оражайысы 1,5-2 есеге ұлғайды.

ГРАФИКА МӘТІНІ: Бағдарламаның іске қосылған алғашқы жылында өңірдегі 35 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 11 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілсе, былтыр олардың саны 160-қа жетті. Соның арқасында қаржыландыру көлемі 4 есеге өсіп, 683 мың гектар егістік алқап қамтылды.

ГРАФИКА:

Көрсеткіш 2024 жыл 2025 жыл Өсім

Диқаншылар саны 35 160 4,5 есе

Несие көлемі 11 млрд ₸ 46 млрд ₸ 4,2 есе

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ