ДИКТОР: Мемлекет басшысының Жарлығымен 21-ші қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші органы болып табылатын Конституциялық реформа жөніндегі комиссия құрылды. Аталған комиссия мүшелері түрлі еңбек ұжымдарымен кездесіп, Конституцияның қорытынды жобасын түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Мемлекеттік комиссия құрамына Ақмола өңірінен облыстық мәслихаттың төрағасы Бейбіт Жүсіпов енді. «Асыл Арман» серіктестігінің еңбек ұжымы Бейбіт Жүсіповпен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасын талқылады.

СНХ: БЕЙБІТ ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазақстан Республикасының Ата Заңын қайта қарау жауапты кезеңде жүзеге асырылып отыр. Конституцияны жаңарту мемлекет тарихында болашақтың негізгі құндылықтарымен даму бағдарларын айқындайтын тағдырлы қадам. Сондықтан жаңа Конституция жобасын талқылауға қоғамның белсенді әрі жауапты қатысуы аса маңызды. Өйткені бұл – болашақ ұрпақтың қандай елде өмір сүретініне тікелей әсер етеді.

РКС: Жаңа Конституция мемлекетімізді одан әрі дамытуға және нығайтуға бағытталған. «Асыл Арман» серіктестігінің өкілдері жаңа жобаны қолдап, оның аса маңызды құжат екенін атап өтті.

СНХ: МИРАС ҚАПАР, «АСЫЛ АРМАН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ДИРЕКТОРЫ: Нақты түсінгеніміз жаңа Конституциядан алдағы болашағымызға жақсы үміт күтеміз. Осы бойынша «Асыл Арманның» әріптестері 15-ші наурыз күні референдумға қатысуға дайын деп ойлаймын.

СНХ: ЖІБЕК САДЫҚОВА, «АСЫЛ АРМАН» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ТІГІНШІСІ: 15 наурызда референдум болатынын білеміз. Жеке өзім бұл өзгерістерді қолдаймын, өйткені бұл – заман талабына сай, уақыттың сұранысы деп санаймын. Халық та қолдайды деп ойлаймын. Меніңше, бұл өзгерістер қазақстандықтардың күнделікті өміріне – отбасында, тұрмыста, жұмыста оң ықпал етеді.

РКС: «Асыл Арман» серіктестігінің ұжымы бұл бастама елдегі тұрақтылықты сақтап, қоғамның бірлігін нығайтуға мүмкіндік береді деп санайды. Сондай-ақ ұжым мүшелері референдумға белсене қатысу - әр азаматтың ортақ болашақ үшін жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ