ДИКТОР: Балалардың қауіпсіздігі – бүтін бір мемлекеттің тікелей жауапкершілігіне айналды. Буллинг, тұрмыстық зорлық-зомбылық, суицид, цифрлық қауіп, өңір арасындағы теңсіздік – бұл мәселелерді жекелеген шаралармен шешу мүмкін емес. Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде «Қазақстан балалары» атты бірыңғай тұжырымдама қабылданды. Бұл – балаларды қорғаудағы алғашқы жүйелі, кешенді және алдын алуға бағытталған қадам.
РКС: «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы балалардың құқықтарын кешенді қорғауға бағытталған нақты шаралар жоспарын қамтиды. Құжатта білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, әлеуметтік қолдау және отбасылық әл-ауқатты нығайту мәселелеріне ерекше басымдық берілген. Сондай-ақ, балаларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және мұндай қылмыстар үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету мақсатында заңнамалық негіз едәуір нығайтылды.
СНХ: ӘСЕМ АППАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Соңғы екі жылда Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірқатар заң қабылданды. Бүгінде 111 байланыс орталығы жұмыс істейді. Мектептерде QR-кодтар енгізілген. Сондай-ақ қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметінде нақты алгоритм бекітіліп, әрбір 5 мың балаға кемінде бір маман қарастырылған. Бұл шаралар мамандар санын арттыруға ықпал етпек. Сонымен қатар, әр облыста балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар құрылуда. Өздеріңізге мәлім, облыста мұндай орталық бар. Бұдан бөлек, ата-аналарды қолдау мәселесі де маңызды бағыттың біріне айналып отыр. Өйткені ата-ананың қолдауынсыз баланың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету мүмкін емес.
РКС: Ата-аналарға арналған цифрлық сүйемелдеу egov.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Бұл ата-аналарға баланың дамуы мен қолдауының толық бағытын көруге жәрдемдеседі. Сондай-ақ баланың туған сәтінен бастап 18 жасқа дейін балаларға қандай мемлекеттік қызметтер көрсетілетінін eGov қосымшасындағы «Балалар» бөлімінде тікелей бақылап, көруге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, аймақта жауапты ата-ана болуға бағытталған интерактивті курс әзірлеу және оны міндетті түрде өтудің тетіктерін пысықтау көзделіп отыр.
СНХ: : ӘСЕМ АППАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША БАЛА ҚҰҚЫҒЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Цифрлық сүйемелдеу жүйесін енгізу жоспарланып отыр. Оның аясында балалардың арнайы пул қалыптастырылып, ата-аналарға қандай жағдайда, қай мекемеге жүгіну қажеттігі нақты бағыт-бағдар арқылы көрсетіледі. Біздің негізгі мақсатымыз - әрбір баланың қорғалуын және әр отбасының қандай көмекті қай жерден алуға болатынын нақты білуін қамтамасыз ету. Бұл жоспар нақты өзгерістерге қол жеткізуге бағытталған. Баланың құқығын қорғау - ата-ананың, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының және тұтас қоғамның ортақ міндеті.
РКС: Әр аймақта балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармалар құрылуда. Үкімет отырысында бұл үдерістің көп жағдайда тиісті деңгейде жүзеге асырылмай отырғаны айтылды. Жүйелі әрі нәтижелі жұмыс тек Ақмола және Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ елордада ғана атқарылған. Қалған өңірдің әкімдіктеріне екі ай мерзім ішінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі басқармаларды құру жұмыстарын толық аяқтау тапсырылды.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ