ДИКТОР: Жас музыканттар Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияның симфониялық оркестрімен бірігіп, үлкен сахнада өнер көрсетті. Қалалық балалар музыка мектебінің талантты оқушылары классикалық және отандық шығармаларды шебер орындап, көрермен көзайымына айналды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда көптеген қызықты жобалар іске асырылуда. Солардың бірі – «Ұрпақтар диалогы». Ересек, тәжірибелі кәсіби музыканттармен бірге жұмыс істеу жас өнерпаздар үшін мол тәжірибе жинап, өз мүмкіндіктерін дамытуға жігерлендіреді. Осылайша балалар өте жас болса да, өнердің биік әлемімен танысып, мол тәжірибе жинай алады,-дейді филормония басшылығы.
СНХ: НҰРГҮЛ ШӘЙКЕНОВА, ҮКІЛІ ЫБЫРАЙ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Біз үшін бұл жай концерт емес, нағыз өнер жобасы. Бұл жоба арқылы музыкаға қабілетті балаларымыз кәсіби музыканттармен бірге сахнаға шығып, өздеріне сенімділікті сезініп, өнерін толық ашуға мүмкіндік алады. Мүмкін, осы кішкентай өнерпаздардың ішінен болашақта филармонияның қызметкерлері шығып, өнер әлемінде өз жолын жалғастыратындар да табылып қалар.
РКС: Концертке балаларды қолдауға ата-аналары мен туыстары да жиналды. Сахнада өнерпаздар жеке шығармашылығымен, ансамбльде, сондай-ақ, хор құрамында да тамаша өнер көрсетті.
СНХ: ОКСАНА ГАЛИМСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен баламды мақтан тұтамын. Кезінде оны музыка мектебіне бергенімізге қуаныштымын. Осындай тамаша жобаны ұйымдастырып, балаларға үлкен сахнада өздерін сынап көруге, өнерін көрсетуге, көрерменнен ұялмай, нағыз әртіс ретінде өздерін сезінуге мүмкіндік берген музыка мектебінің ұстаздары мен филармония ұжымына алғысым шексіз.
СНХ: ГУЗЕЛЬ ЕРЕЖЕПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Барлығы өте жоғары деңгейде өтті. Менің ойымша бұл біздің балаларымыз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі олар алға қойған мақсатына ұмтылады. Бұл – балаларға үлкен мотивация. Осындай үлкен сахнада симфониялық оркестрмен бірге өнер көрсету балаларымыз үшін үлкен жетістік.
РКС: Концертке тіпті қалалық балалар музыка мектебі бастауыш сынып оқушыларының қыздарынан құралған хоры да қатысты. Көрермендер қатысушылар дайындаған концерттен ерекше ләззат алғандарын жеткізді, ал бұл шығармашылық жоба облыстық филармонияда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ