ДИКТОР: Көкшетау ауданаралық аңшылар мен балықшылар қоғамына қарасты аңшылық алқаптың аумағы 925 мың гектарға жуық. Аталған аумақта Зеренді ауданында 3, ал Бурабай, Біржан сал және Бұланды аудандарында бір-бірден аңшылық шаруашылығы орналасқан. 1 ақпаннан бастап жануарлар дүниесі популяциясының есебін жүргізу жұмыстары басталды. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырады.

РКС: Аңшылық аумақтағы жануарлар дүниесі де әралуан. Мұнда тұрақты түрде жабайы қабан, елік, соңғы уақытта бұғы тіршілік етеді. Түлкі, борсық, сусар, қоян сияқты жануарлар да бар. Құстардан құр мен қырғауыл кездеседі. Ұя салу және көші-қон кезеңінде қаз, үйрек, қырғауыл, шағала сияқты құстар тоқтайды. Аулауға рұқсат етілген жануарлардың санын анықтамайынша, аңшылық шаруашылықты басқаруға қатысты кез келген іс-шараны жоспарлау мүмкін емес. Сондықтан қоғам жыл сайын жануарлар түрінің санын есепке алады.

СНХ: АНАТОЛИЙ ЛИСОВСКИЙ, «КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ НҰСҚАУШЫСЫ: Есеп жүргізу жұмысы жауапты әрі көп еңбекті талап етеді. Қар үстінде жүретін арнайы қолданылады. Есеп жүргізу үшін қолайлы ауа райы қажет. Қалың қар жауған сәтте, қатты жел соққан кезде есеп жүргізу мүмкін емес. Өйткені, жануарлардың іздері көрінбейді. Әр аңшылық шаруашылығында алдын ала есептік маршруттар белгіленеді. Есеп жүргізу күндері қорықшылар арнайы карточкаларға осы маршруттарды кесіп өткен аңдар іздерінің санын тіркейді, сондай-ақ құстар да кездеседі. Кейін бұл деректер жинақталып, бүкіл аңшылық шаруашылығы бойынша саны есептеледі.

РКС: Сонымен қатар жиналған материал түрлі аңшылық шаруашылығын жүргізуге қатысты іс-шараларды өткізу үшін қолданылады. Материалдар аумақтық инспекцияға жолданады. Есеп жүргізуге көмектесу үшін қорықшылар қызметіне арналған ескерту парағы әзірленді, онда есеп жүргізудің қысқаша нұсқаулығы берілген.

СНХ: АЙНА ӘУБӘКІРОВА, «КӨКШЕТАУ АУДАНАРАЛЫҚ АҢШЫЛАР МЕН БАЛЫҚШЫЛАР ҚОҒАМЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Қазір қорықшылардың жұмысы қауырт. Себебі жабайы жануарларға қосымша азық беру жұмыстары жүріп жатыр. Шөп пен бұтақ байламдары қойылады. Сондай-ақ минералды азықтандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жануарлар арасындағы түрлі аурудың алдын алу үшін қажетті тұз да қойылады. Сонымен қатар құстардың жемге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жұмыртастардан тазартылуда. Малтатастар құстардың азықты қорытуына қажет. Рейдтік іс-шаралар да тұрақты түрде жүргізілуде.

РКС: Жануарлар популяциясын жүйелі түрде бақылау табиғи тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді. Бұл жұмыстар аңшылық ресурстарды ұтымды пайдалануға және биологиялық әртүрлілікті қорғауға бағытталған. Мамандардың айтуынша, уақытылы жүргізілген есеп пен профилактикалық шаралар жабайы аңдар санының тұрақты өсуіне оң ықпал етпек.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВАСИЛИЙ ВЕРЕЖНИКОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ