ДИКТОР: Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Бұланды ауданына жұмыс сапары барысында Макинск құс фабрикасында болып, ұжыммен кездесті. Оның даму перспективалары туралы айтылды. Сонымен қатар, тараптар қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ 15 наурызда Қазақстанда өтетін референдум тақырыптарын қозғады.
РКС: Тәуелсіздік жылдарында елімізде көптеген оң өзгеріс орын алды. Конституцияның жаңа жобасы соның айқын көрінісі,-деді өңір басшысы. Құқықтық тәртіпті нығайтуға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, жаңартылған заң жобасы мемлекеттік институттардың ашықтығын арттырады және азаматтардың саяси процестерге қатысуын кеңейтеді.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Ең бастысы, біздің Конституциямыздың кіріспесінде «Әділ мемлекет идеясы» деп жазылған. Әділдік - бұл алғаш рет айтылды. Бұл біздің конституциямыздың жаңалығы. Бұл - заң әділдік идеясына негізделуі тиіс дегенді білдіреді. Яғни, егер заң әділдік идеясына негізделмесе, онда ол тараптар қақтығысын туғызады. Жаңа құжатта жаңашылдықтар көп, ең бастысы – адами құндылықтарға негізделген.
РКС: Негiзгi Заңның жаңа жобасы 1995 жылғы Конституцияның ең жақсы ережелерiнiң сабақтастығын сақтайды. Сонымен қатар, басты сауалға жауап береді: Қазақстанның әділ дамуын жаңа жағдайда қалай қамтамасыз ету керек, - деп қорытындылады аймақ басшысы. Өз кезегінде құс фабрикасының ұжымы референдум өткізуді қолдады. Қызметкерлердің пікірінше саяси реформаларға әрбір адам қатысуы керек, ал шешімдер түсінікті және әділ болуы шарт.
СНХ: ГҮЛДАНА ЖӘКЕТОВА, МАКИНСК ҚҰС ФАБРИКАСЫ ҚОЙМА-ЛОГИСТИКА БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫСЫ: Конституцияның жаңартылуы - бұл жай ғана құқықтық рәсім емес. Бұл әділетті қоғам құралатын берік негізі. Біз, еңбек адамдары, сөзімізге ісімізбен жауап береміз. Бүгінгі күн - ол біздің таңдаулы күн. Болашақта балаларымыздың, еліміздің өсіп өнуіне, Қазақстанымыздың қандай болатынына шешілетін кезең туып отыр. Мен үшін референдум ол тұрақтылық пен адал еңбекті таңдауға жасалған қадам. Осы бағытты қолдаймын. Себебі еліміздің еңбек ететін азаматтарын қадірлейтін әділетті мемлекет болғанын қалаймын.
РКС: Сонымен қатар, кәсіпорын жұмысымен танысу барысында Марат Ахметжанов құс фабрикасының басшылығымен келіссөздер жүргізді. Басшының айтуынша, компанияның ассортименті жыл сайын кеңейіп келеді. Құс фабрикасы қуаттылығын арттырып, ілеспе кәсіпорындарды қолдауға дайын. Облыс әкімі кәсіпкерлікті мемлекет одан әрі де қолдауға дайын екенін атап өтті. Мысалы, жақын арада Макинск қаласындағы кәсіпорындар қызметкерлері арасында жөндеу бағдарламасы бойынша салынған үйдегі 60 пәтер бөлінеді.
МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ