ДИКТОР: Бүгін Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебі Щучинск филиалының түлектері әскери ант берді. Биыл салтанатты түрде сарбаздарға алғаш рет әскери билет табысталды. Салтанатты шараға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.
РКС: Аталған оқу орнында Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының, сондай-ақ Астана қаласының 24-27 жас аралығындағы жастар Отан алдындағы борышын өтей алады. Бүгін мектебінің 30 сарбазы әскери ант беріп, билеттерін алды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚАЙРАТ ӨМІРӘЛИН, ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ МЕКТЕБІ ЩУЧИНСК ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінгі күні 30 шақырушы әскери ант қабылдау рәсіміне дайындықта. Бүгін бірінші рет олар оқу аяқтағаннан кейін сертификат беріледі және әскери билет. Жалпы әскери дайындық бойынша оқыған. Саптық дайындық, атыс дайындық, тактикалық дайындық. Әскери жарғыларды да оқыды. 35 оқу күні өтеді. Емтихан тапсырылады. Жылына 8 поток бар, пулеметчик ПКМ дайындаймыз, 30 адамнан.
РУС.РЕД.СНХ: КАЙРАТ УМРАЛИН, ЗАМЕСТИТЕЛЬ ДИРЕКТОРА ЩУЧИНСКОГО ФИЛИАЛА ВОЕННО-ТЕХНИЧЕСКОЙ ШКОЛЫ МИНИСТЕРСТВА ОБОРОНЫ РК: В данной школе мы готовим специалистов Вооруженных сил, это в основном пулеметчики ПКМ, стрелок, санитар. В течение 35 учебных дней они проходят у нас обучение по программе военно обученного резерва. За год мы выпускаем и готовим 8 потоков. Каждый взвод по 30 человек. В основном набор производит Департамент по делам обороны.
РКС: Мектепке түсіп, 35 күн ішінде білім алып, сарбаздар әскери билет алады. Ол үшін әскери есепке алу орнына жүгініп, медициналық тексеруден өту қажет. Әскери-техникалық мектепті бітіргеннен кейін олар аумақтық қорғаныс резервінің бригадасына қабылданады.
СНХ: БЕКЗАТ АМАНҒАЛИЕВ, ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРЫЛУШЫ: Әскери-техникалық мектепті естігеннен кейін осында келіп тұрмын. 40 күнді өткізу үшін. Бұл жерде барлығы өте жақсы. Себебі тек әскери жағынан бізге көп нәрсені үйретті. Сол себепті өзімізге аларымыз көп болды. Осындағы ұстаздарға алғысым шексіз. Әр азаматтың Отан алдындағы борышын өтеу маңызды. Болашақтағы жоспар - әскери құжатымызды алып, әрі қарай жұмысымызды жасай беру.
РКС: Курсанттардың қуанышын бөлісу үшін олардың ата-аналары мен туған-туыстары жиналды. Әскери-техникалық мектептің басшылығы сарбаздардың ата-аналарына ризашылығын білдіріп, курсанттарға әскери билет пен курсты аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ