ДИКТОР: Сталкинг Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабы бойынша қылмыстық жазаланатын әрекет. Қудалау үшін айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе қамауға алу түрінде жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының Конституциясы әркiмге жеке өмiрге қол сұғылмаушылыққа және қауiпсiздiк құқығына кепiлдiк бередi. Қудалау - бұл норма мен жеке іс емес, заңды бұзу. Сталкинг дегеніміз не және көкшетаулықтар одан өздерін қорғауды біле ме?

БЛИЦ:

- Сталкинг туралы естідім, бұл қудалаудың бір түрі. Мұндай жағдайда құқық қорғау органдарына жүгініп, арыз жазу керек. Өзім ондай жағдайға тап болғаным жоқ және орын алмайды деп сенемін.

- Мен оның не екенін білемін, бірақ ондай жағдаймен бетпе-бет келген жоқпын. Сталкинг болғанын таныстарымнан естідім. Ондайда полиция қызметкерлері бізге көмектеседі деп ойлаймын. Сондай-ақ менің танысым осындай оқиғамен бетпе-бет келді, ол құқық қорғау органдарына жүгінді, одан әрі тергеу басталды.

- Мен сталкерліктің не екенін білемін, егер мен оған тап болсам, міндетті түрде құқық қорғау органдарына жүгінемін.

РКС: Сталкинг дегеніміз бұл бір адамға қайта-қайта қоңырау шалып мазасын алу, хабарламалар жазу, аңду, қарым-қатынас жасауға тырысу, әлеуметтік желілер арқылы бақылау және сіздің еркіңізден тыс басқа да қудалау формалары. Мұндай әрекеттер психологиялық зиян келтіреді және қауіпсіздікке қатер төндіреді. Құқық қорғау органдары осындай фактілердің алдын алу бойынша түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Өңірде «Stop сталкинг» ауқымды ақпараттық науқаны өтуде.

СНХ: МАРИЯ ХАЛИКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОТБАСЫЛЫҚ-ТҰРМЫСТЫҚ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ: Егер сізге қатысты қудалау немесе қауіп төніп тұрғанын сезсеңіз, қудалаушымен кез келген қарым-қатынасты тоқтатыңыз, байланыстан бас тартыңыз. Дербес деректерге қолжетімділікті шектеңіз, әлеуметтік желілердегі аккаунттарды жабыңыз, құпиялылық параметрлерін, парольды және қажет болған жағдайда телефон нөмірін өзгертіңіз. Жақындарыңызға, әріптестеріңізге, көршілеріңізге қудаланғаныңызды ескертіңіз. Қолдау және көмек туралы келісіңіз. Мүмкіндігінше үйреншікті маршруттарды, үйден шығу уақытын өзгертіңіз, орналасқан жеріңіз туралы бөгде адамдарға хабарламаңыз. Шұғыл қызметтердің нөмірлерін жедел телефонға сақтаңыз. Нақты қауіп төнген жағдайда қауіпсіз орынды - туысқандарыңызды, достарыңызды, дағдарыс орталықтарын алдын ала анықтаңыз.

 РКС: Бір адамның ізіне түсу - «жеке іс» емес, қылмыс. Сандықтау ауданында 38 жастағы ауыл тұрғынына қатысты сталкинг фактісі бойынша тергеу басталды. Әйел бұрыңғы күйеуінің соңынан қалмай аңду дерегіне байланысты құқық қорғау органына өтініш берген. Қазір полиция зардап шегушінің құқықтарын қорғау үшін барлық қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде.

МАҚПАЛ АЙБАБИНА, ЗАРИНА САПАРГАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ