ДИКТОР: Жарқайыңда жасыл бастама елдік рухпен үндесті.
Державинск қаласының 60 жылдығына орай «Жастар» шағын ауданында жаңа аллея ашылды. Бұл тарихқа тағзым, болашаққа бағдар. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ашылған «Ардагерлер аллеясы» ұрпақтар сабақтастығының символына айналмақ.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жарқайыңда ауқымды экологиялық жоба жүзеге асты. «Жастар» шағын ауданында салтанатты түрде «Ардагерлер аллеясы» ашылды. Бұл бастама елді мекенді көркейтіп, ауданның дамуына үлес қосқан аға буын өкілдеріне құрмет көрсетуді мақсат етеді. Аллея аумағына бұған дейін 200-ге жуық қарағай көшеті отырғызылған.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мына жерде біз аллеяны бастағанбыз, енді ардагерлер көшеттерді өз қолдарымен салсынбірігіп жасап жатырмыз. Бюджеттен қаражат бөлінді. Ішіне енді дорожка салып, брюсчатка төсейміз. Бір екі жерден беседкалар жасаймыз. Сонымен ертең сіздерге демалуға керемет орын болады.
РКС: Салтанатты шараға волонтерлер, ардагерлер кеңесінің мүшелері мен жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Мұндай игі істер экологиялық мәдениетті қалыптастырып, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтады,-дейді ұйымдастырушылар.
СНХ: ӘЙГЕРІМ МҰХАМБЕТЖАНОВА, АБАЙ АТЫНДАҒЫ ПРИГОРОДНОЕ АУЫЛЫ МЕКТЕБІНІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ПРЕЗИДЕНТІ: «Таза Қазақстан» акциясы аясында ардагерлерге арналған аллеяның ашылуы өтуде. Барша аудан тұрғындарын табиғатты аялауға, осындай игі шараларға белсене қатысуға шақырамын.
РКС: Шара соңында қатысушылар аллеяны көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, жасыл желектің жайқалуына өз үлестерін қосты. Болашақта бұл аллея бірлік пен тағзымның, ұрпақтар сабақтастығының жарқын нышанына айналмақ.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ