ДИКТОР: Көкшетауда самбодан жасөспірімдер арасында маңызды республикалық турнир өтті. Жарыс Кеңес Одағының спорт шебері Марат Тоққожинді еске алуға арналып, биыл екінші рет ұйымдастырылды.
РКС: Марат Тоққожин самбо күресінен танымал спортшы болды. Кезінде самбо спортының дамуына елеулі үлес қосып, жоғары деңгейдегі жарыстарда өнер көрсеткен. Әсіресе жастар арасында осы спорт түрін насихаттауға, болашақ спортшыларды тәрбиелеуге ерекше еңбек сіңірген тұлға ретінде белгілі.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ҚАЗИ ҚАРАМЕНҰЛЫ, МАРАТ ТОҚҚОЖИННІҢ ЖЕЗДЕСІ: Бүгін Совет Одағының спорт шебері Марат Тоққожиннің еске алу республикалық турнир өтті. Ұйымдастырушыларға, осы Болашақ сарайының басшыларына, жас спортшылардың тренерларына бәріне алғыс айтамын. Осындай турнирлар жиі өтсе, Қазақстандағы спорттың дамуына үлкен үлес етеді деп ойлаймын.
РКС: Турнирде 2012–2013 жылы туған ұлдар мен 2010–2011 жылы туған қыздар бақ сынады. Додаға Қырғызстаннан, Астана қаласынан, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарынан келген 150-ге жуық спортшы қатысты.
СНХ: ӘСЕЛ ҚҰСАНОВА, МАРАТ ТОҚҚОЖИННІҢ НЕМЕРЕСІ: Самбодан Кеңес Одағының чемпионы Марат Тоққожиннің құрметіне осындай турнирді екінші жыл қатарынан ұйымдастырып келетін оның достарына алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, осындай жарысты өткізуге зал ұсынған «Болашақ сарайы» басшылығына да алғыс айтамын. Қырғызстаннан, Астанадан және Көкшетаудан спортшылар келді. Оларға қонақүй де қамтамасыз етілді. Барлық ұйымдастырушыларға үлкен рақмет. Бұл бүгін жеңіске жеткен жастар үшін үлкен шабыт деп ойлаймын.
РКС: Жарыс барысында балуандар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, белдесулер тартысты әрі қызықты өтті. Әр салмақта жеңіске деген жігер мен шеберлік айқын байқалды.
СНХ: ТАМИРЛАН УТУГУНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ (ПАВЛОДАР): Бүгін бірінші орынды иелендім. Өте қуаныштымын. Самбомен айналасып келгеніме 4 жыл болды.
СНХ: АНАРА ЖҰМАЛИҚЫЗЫ, ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Марат ағамыздың елесіне арналған турнирге Қырғызстаннан Бишкек жағынан келдік. Он бала алып келгенбіз. 3 бала чемпион болды. Бір бала үшінші орынды алды. Турнир өте жақсы өтіп жатыр. Ұйымдастырушылар жақсы дайындап қойды. Өте күшті спортшылар бар екен. Көкшетауға бірінші рет келдік. Көкшетау жері жақсы екен.
РКС: Командалық есеп нәтижесі бойынша бірінші орынды Астана қаласының құрамасы иеленді. Екінші орын Қырғызстан командасына бұйырса, үздік үштікті Көкшетау спортшылары түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапаттарға ие болып, ұйымдастырушылар олардың алдағы жарыстарда да жоғары нәтиже көрсететініне сенім білдірді. Мұндай жарыстар балғын спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы болып, самбо спортының дамуына серпін береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ