ДИКТОР: Парық пен жауапкершіліктің, борыш пен әділеттің арасындағы таңдау туралы терең ойға жетелейтін премьера. Облыстық орыс драма театрының сахнасында «Бақтығұл туралы баллада» атты жаңа спектакль ұсынылды. Қойылымның алғашқы көрсетілімінде біздің түсірілім тобы да болып қайтты.

РКС: «Қараш-Қараш оқиғасы» повесінің шығармашылық тұрғыда жаңаша пайымдалуы. Қойылымның өзегінде – ұзақ жыл өз қожайыны Жарасбай мырзаға адал қызмет еткен адамның тағдыры. Алайда сатқындық пен түрлі интригалардың тізбегі кейіпкердің үйреншікті өмір салтын күйретеді. Тірегінен айырылған Бақтығұл ақиқат пен әділдіктің аражігін ажырату қажеттілігіне тап болады. Қойылымның басты ерекшелігі – сан алуан вокалдық техникалардың қолданылуы. Әртістер партияларды акапелла орындап, рэп оқып, сондай-ақ табиғат пен жануарлар дыбыстарын имитациялау арқылы ерекше атмосфера қалыптастырды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Спектакль режиссері Тимур Кулов орыс драма театрының группасымен алғаш рет жұмыс істеп отырған жоқ. Бұған дейін ол көрерменге «Лютый», «Қасқырлар мен қойлар» және «Бекет қараушысы» секілді танымал қойылымдарды ұсынған.

СНХ: ТИМУР КУЛОВ, СПЕКТАКЛЬДІҢ РЕЖИССЕРІ: Бұл менің қазақ классикасына екінші рет қатысуым. Мұхтар Әуезовтің повесіне, оның прозасына қайта оралуым. Бұған дейін біз «Көксерек» әңгімесін қойған едік. Енді повестьке кірістік. «Қараш-Қараш оқиғасы» шығармасына тәуекел еттік. «Бақтығұл туралы баллада» – атауының өзі оның жанрын аңғартады. Себебі бұл – бір актіден тұратын, тоғыз әнмен өрілген спектакль. Мақсат пен міндет әрдайым бір: келесі жылы жүз жыл толатын осы классикалық туындының бүгінгі күндегі орны қандай, ол қазіргі көрерменге қалай әсер етеді – соны түсіну.

РКС: Премьералық көрсетілімге негізінен тұрақты көрермендер жиналды. Әртістердің айтуынша, театр әлдеқашан берік әрі адал көрермендер қауымын қалыптастырып үлгерген.

СНХ: ҚУАНЫШ ШАҚШАҚОВ, КӨРЕРМЕН: Мен театрға үнемі келемін. Қазақ және орыс театрыларының қойылымдарынан қалмауға тырысамын. Маған әрдайым тірі қарым-қатынас, актерлердің жан дүниесімен сезінуі, рольге енуі және оны көрерменге қалай жеткізіп, адамдармен қалай жұмыс істейтіні ұнайды. Бүгінде біздің орыс театры Қазақстан театрларының ішінде бірінші орында деп ойлаймын.

РКС: Қойылымды көрермен жылы қабылдады. Көрермендер спектакльдің терең мазмұны мен ерекше сахналық шешімін атап өтіп, актерлерді қошеметпен көпке дейін сахнадан жібермеді.

ОКСАНА ЗИНЧЕНКО, ЭДУАРД ПОГРИБИЦКИЙ, САНЖАР НҮРСЕИТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ