ДИКТОР: Педагогика саласының ардагері Қайрат Бекеновты еске алуға арналған дәстүрлі облыстық Х ашық шахмат турнирі өтті. Мектеп оқушылары арасында ұйымдастырылған шараға 25 құрама команда қатысты. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін танытып, тартысты әрі мазмұнды ойын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен спортшылар арнайы дипломдармен марапатталды.
РКС: Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын шахмат турнирі биыл да өз деңгейінде өтті. Ақыл мен сабырдың сыналар алаңына айналған бұл додаға 1 мен 11-ші сынып оқушылары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Астана, Щучинск қалалары мен Зеренді ауданынан және Солтүстік Қазақстан облысынан келгендер де бар.
СНХ:МЕЙРАМ ШӨКЕЕВ, АЙЫРТАУ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: (СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН): Жылда осы турнирге қатысып, жүлделерге ие боламыз. Шараға 6 оқушы әкелдім. Ең жасы 7 жаста.
РКС: Шахмат ойыны Швецариялық жүйе бойынша өрбіп, әр қатысушыға 15 минуттан уақыт беріледі. Барлық қатысушы турнир соңына дейін ойнап, ұпай санына қарай бір-бірімен жұптасады. Әр тур сайын бірдей деңгейдегі ойыншылар кездесіп, жеңіс, тең ойын және жеңіліс нәтижелері бойынша ұпай жинайды. Қатысушылар бір қарсыласпен қайта ойнамайды. Нәтижесінде 7 турдың қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: СҰЛТАН ШАИМОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Мен шахматқа барам 1 жыл. Мен шахматты жақсы көремін. Мен папаммен ойнаймын.
СНХ: АЛЬБИНА АХМЕТОВА, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ: Бірінші турда жеңдім. Оңай болған жоқ. Соңғы моментте ладьяны қойып, өзімнің қарсыласымды жеңдім.
РКС:Жасөспірімдердің тартысты ойынын тамашалап, жарысқа жиналғандарға рухани демеу болу мақсатында Қайрат Бекеновтің жақындары мен жолдастары арнайы келді. Олар өткен күндердің сағынышты сәттерін еске алып, ортақ естеліктермен жүрек жылытты.
СНХ:ҚАЙДАР БЕКЕНОВ, ҚАЙРАТ БЕКЕНОВТЫҢ ІНІСІ: 1 жарым жастай кішілігім бар. Екеуміз тетелес өстік. Бала кезінен шахматты жақсы көретін еді. Ауылда ол кезде 1953-1954 жылдары 5-6 жасар баламыз, ауылда 1-ақ үйде шахмат бар, соны сұрап әкеліп ойнаймыз. Ол кісі әуестігін қартайғанша қоймады.
СНХ: АМАНГЕЛДІ НҰРМАҒАНБЕТОВ, ҚАЙРАТ БЕКЕНОВТЫҢ ДОСЫ: Балаларға айтарым шахмат деген ойын жақсы ойын. Адамның ой-өрісін дамытады. Еске салу қабілетін дамытады. Бұл балаларға денсаулықтары мықты болып, шахматтан жеңіске жете берсін деймін.
РКС: Х Облыстық турнирдің қорытынды кезеңінде әр сынып оқушылары арасынан жүлделі I, II, III орын иегерлері анықталды. Зияткерлік додада Көкшетау қаласындағы №2, №1 мектеп-гимназиясының оқушылары және “Әулет”, “Белая ладья”, “Кванториум”, “Мейір систем” білім беру орталықтарының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді. Сонымен бірге Астана және Щучинск қалаларының жас шахматшылары да өз шеберліктерін дәлелдеп, ерекшеленді. Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Новоишимка ауылының оқушылары да биік деңгейдегі дайындықтарын танытып, жеңіс тұғырынан табылды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СӘДУАҚАСОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ