ДИКТОР: Дәстүрге айналған ақсақалдар арасындағы бата беру сайысы өз құндылығын жоғалтпай жалғасып келеді. Күні кеше ақсақалдар арасында «Абылай ханның рухына тағзым» атты батагөйлер сайысы өтті. Рухани сайысқа өңірдің іріктелген 10-нан аса батагөй ақсақалдары қатысып бақ сынады.

РКС: Салт-дәстүріміздің ең асыл қазынасы, көңілге көрік беріп, өмірдің мәнін терең ұғындыратын рухани құндылықтардың бірі – бата. Қазыналы қариялардың ақ батасы әрдайым жақсылықтың нышаны, ақ ниет пен ізгі тілектің көрінісі. Осы бір игі дәстүрді жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа 13 ақсақал қатысып, үш кезең бойынша өзара бақ сынады. Шара барысында олар ұлттық өнегені дәріптеді.

СНХ: БАҚЫТ СМАҒҰЛ, ОБЛЫСТЫҚ БЕЛСЕНДІ ҰЗАҚ ӨМІР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Сайыс 3 кезеңнен тұрды. Ел қорғау, ынтымақ,бірлік және еркін тақырыптарды қатысушылар өнерлерін ортаға салды. Жүзден жүйрік шыққан, көрермен көңілінен шыққан қатысушыларға жүлделер тапсырылып, сайын жоғары деңгейде өтті деуге болады. Біздің орталықта мұндай сайыс алғаш рет өтіп отыр. Алдағы уақытта осындай рухани шараларды жандандыра түсетін боламыз.

РКС: Бірнеше жылдан бері «Батагөй» атанып жүрген 67 жастағы Айтан Жылқыбаев былтыр да ақсақалдар арасында өткен бата беру сайысында жүлдегер атанған. Ол бүгінде қай жерде болмасын ел алдында бата беруге жиі шақырылатынын айтады. Дегенмен қария қазір батаны жөн-жосығымен, мән-мағынасын сақтай отырып беретін адамдар қатары азайып бара жатқанын алға тартады.

ИНТЕРШУМ:

СНХ: АЙТАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, БАТАГӨЙ: Мен өзім батаны ойлаймын киелі деп. Оны анау-мынау адамдар бере бермейді. Сөзге шешен, өте білімді адамдар бата беру керек деп ойлаймын. Осымен сайысқа екінші рет қатысып отырмын. Биыл батаға деген құрметімді көрсетіп, жастарға үлгі болу үшін келіп отырмын.

РКС: Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша Айтан Жылқыбаев бірінші орынды иеленді. Екінші орын Мұқан Жексенбайға бұйырса, үшінші орынға Дүйсенбек Әлішбаев лайық деп танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табысталып, барлық қатысушы Алғыс хаттармен марапатталды.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ