ДИКТОР: «AMANAT» партиясы партиялық бақылау комитетінің мүшелері Көкшетаудағы белсенді ұзақ өмір орталығының жұмысымен танысты. Депутаттар орталықтың ұжымымен және мекемеге келушілермен кездесіп, көрсетілетін қызмет түрлерін көрді. Сондай-ақ сауықтыру бағдарламаларынан бастап шығармашылық және білім беру сабақтарына дейінгі бағыттар бойынша өткізілетін жұмыстардың барысымен танысты. Орталыққа халық қалаулыларымен бірге аймақ басшысы Марат Ахметжанов та барды.

ИНТЕРШУМ:

РКС: Белсенді ұзақ өмір орталығына келушілер спорттық және сауықтыру сабақтарына қатысады. Зейнеткерлер жаңа дағдыларды меңгеріп, шығармашылық үйірмелерде, оқыту семинарларында да белсенді. Бұл жерде физикалық денсаулыққа ғана емес, сонымен бірге эмоционалды жай-күйге де ерекше мән беріледі. Партиялық бақылау комитетінің өкілдері аймақта әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру барысында оң динамика байқалатынын атап өтті. Халық қалаулылары аға буын өкілдерін қоғамдық өмірге тарту ісін қолдайтындарын жеткізді.

СНХ: МАЙРА АЙСИНА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Өзге өңірлермен салыстырып қарар болсақ, бұл аймақта сайлауалды бағдарламаның орындалу қарқыны жақсы. Мұндай шабыттанған және өз жұмысына қызығушылықпен қарайтын адамдарды көптен бері жолықтырған жоқпын. Менің туған дерім болғандықтан айтып тұрғаным жоқ, бұл жерде тәртіп бар, салыстырмалы түрде айтып отырмын. Ал тәртіп бар жерде нәтижелі жұмыс болады. Алға қойған және адамдарға уәде еткен барлық нәрсені толық орындап шығу мүмкін емес. Оның объективті және субъективті себептері де кездеседі. Соған қарамастан, мен бүгін адамдардың бұл мәселеге қаншалықты байыппен қарайтынын сезініп тұрмын. Екіншіден, орталықтағы ұйымдастыру деңгейіне қатысты. Мен Қарағандыда, Астанада болдым, Зеренді туралы естідім, бүгін осы жерде де жұмысқа деген адалдықтың барын көрдік.